Орал қаласы №19. ЖББОМ. Бастауыш сынып мұғалімі Мырзажанова Айдана Биманбетовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекіліктері: слайдтар
"Еңбек" — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті.....
Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек.....
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.....
Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынылуына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, "Еңбек ақы төлеу туралы" ережесін дербес әзірлей алады, сондай – ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, "Қызметкер туралы" ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім – шартын жасау үшін ғана емес, сондай – ақ ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатысты және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері: 1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау; 2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы есептеу; 3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу; 4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу; 5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу; 6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу; 7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.....
Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және төлеу. Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні 1сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшы-қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана төленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс. ....
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді. Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады . Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны. Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру. Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады: - мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер; - еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер; - қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер; - сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады: - демалыс уақыттарына ақы төлеу; - мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; - кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу; - жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу. Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ....
Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталынады. Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар толық ұсталады. Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі. Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.....
Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемелі бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты себепкерлігі организмдің өз белсенділігінен туады. Мәнез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әр бір кезде пайда болатын және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмдің маңызды қажеттілігі. Адамдарда байқалатын мұқтаждығы тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты мақсаттарға сәйкес үш топқа бөледі: тіршіліктік мақсаттар, тағамдық, жыныстық, қорғаныш іс − әрекеттерімен қанағаттандырады. Әлеуметтік мақсаттарға адамның еңбектенуі, білім алу, спорт мәденитеттік қоғамда өз орнын табу іс әрекеттері жатады. Мұратты мақсаттар таным және шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау, зерттеу құрайды. Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін бір неше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады. ....