Есеп және аудит | Еңбекақы төлеудің есебі және аудитін жүргізу

Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық салаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы. Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге еңбек ақы төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді. Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық