Ерасыл
Ерасыл есімінің мағынасы – аса аяулы, нағыз батыр.
Ерасыл есімінің мағынасы – аса аяулы, нағыз батыр.
Айару есімінің мағынасы – "ай" мен "ару" сөздерінің қосындысы. Айдай сұлу ару болсын ниетпен қойылған.
Әли есімінің мағынасы – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.
Дінмұхаммед есімінің мағынасы – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".
Мансұр есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші. 2) құдіретті.
Әмір есімінің мағынасы, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.
Рамазан есімінің мағынасы – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.
Алдияр есімінің мағынасы, араб-иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.
Арсен есімінің мағынасы, Арсений – көне грек тілінен "арсениос" – батыл, ержүрек деген мағына береді.
Мирас есімінің мағынасы — араб тілінен мұра, артта қалатын көз, тұяқ.