Нұрдана
Нұрдана есімінің мағынасы - қазақтың сөзі нұр - нұрлану, шуағын шашу + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым.
Нұрдана есімінің мағынасы - қазақтың сөзі нұр - нұрлану, шуағын шашу + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым.
Жансая есімінің мағынасы - жаныма сая, көңіліме пана болсын деген ниетпен қояды
Дина есімінің мағынасы - иранша мейрімді, əдемі деген сөзді ескереді. Иман келтіруші, сенген ,көзі жеткен, деген мағына береді
Ақарыс есімнің мағынасы - Ақ- жолы өмірі ашық болсын деген, Арыс -арыстандай болсын деген..
Шынар есімінің мағынасы - қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.
Балаға есім беру аса жауапкершілікті іс екені сөзсіз. Психолог мамандардың айтуынша, жақсы есім баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Сонда ізгі қасиеттер баланың бойына да даритын болады.
Томирис есімінің мағынасы - шығу тегі түркі тілі. Мағынасы "Темірді қирату", "Темірді майыстыр", яғни "темір" ~ мағынасы/----аудармасы емес... Темірдей мықты/сонымен қатар Қайратты/Қайсар болсын деп қойған.(Қыз бала, Ұл бала бәрібір, кімге болмасын..) ...ал КөнеИран тілінен "Томруз" - үйшіл / домашняя - деген мағынаға ие.
АЗАМАТ есімінің мағынасы – араб тілінен енген есім. Енгенде де қазақ арасына әбден сіңісті болып кеткен сөздердің бірі. Қазақ ішінде көп ұшырасқанымен, арабтар, жалпы, өзге түркілер мен мұсылман арасында мұндай ат кездеспейді. Араб тіліндегі нұсқасы – «аъзамат». Оны қазақша аударғанда «ұлы, дара, жоғары дәрежелі» деген мағынаны береді. «Ел аузында жүрер, халқына пана болар нағыз жігіт болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездеседі.
Ажар есімінің мағынасы - "Ажар" сөзі келбет, көрік, әдемі, тартымды сияқты ұғымдармен үндеседі. Қазақ халқы адамның сыртқы сұлулығын "ажарлы" деп те сипаттайды.