Айлин

Айлин есімінің мағынасы -  «Ай нұры» деген мағына береді. Негізінен, бұл есім түрік қыздарына жиі қойылады.

Есімдер мағынасы
Толық

Кәусар

Кәусар есімінің мағынасы

 Араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен шыққан су, яғни таза, пәк, мөлдір, жомарт жан деген мағынаны білдіреді. Жәннаттағы өзеннің аты.

Есімдер мағынасы
Толық

Ясина

Ясина есімінің мағынасы — араб тілінде Құранның 36-шы «Ясин» сүресі атауынан құралған. Бұл қыз есімі мейірімді, тура жол жүретін, таза жанды деген мағына білдіреді. Тағы басқа мағынасы — славяндық есім, жарқын мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Арнұр

Арнұр есімінің мағынасы — бұл есімнің мағынасы арлы әрі нұрлы деген мағынаға ие.

Есімдер мағынасы
Толық

Адия

Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Раяна

Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.


Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.


Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Еркебұлан

ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұ­ланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң са­найды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елі­нің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат. 

Есімдер мағынасы
Толық

Қазақша қыз есімдері. Қызыңызға қандай есім таңдадыңыз?


Есімдер үш топқа бөлінеді. Алғашқысы – адам өзі қатты жақсы көретін, мақтанышпен айтатын есімдер. Екіншілері – ауыстыруды талап ететін, адамның мінез - құлқына сай келмейтін түрі. Үшіншілері – иесінің болмысына қарама - қайшы келмейтін, тым жақсы болмаса да, шыдап бағуға болатын түрі.
Есімдер мағынасы
Толық

Жұмағали Саин (Есімде)

Есімде, менің есімде,
Жаздың сұлу кешінде,
Маңайымда жел ғана,
Құшағымда сен ғана...

Есімде менің бүгіндей,
Даланын қызыл гүліңдей,
Алған демің білінбей,
Қарай бердің күлімдей.....
Өлеңдер
Толық

28 қараша мәңгі есімде

Маған 26 қараша күні агентте бір бала достық хатын жіберді.Өзінің есімі кездеспейтін есімдердің бірі.Екеуіміз таныстық,бірақ көп сойлескен жоқпыз мен агенттен шығып кеттім.Кейін 28 қараша күні агентке кірдім,ол отыр екен.Сосын біраз әңгімелестік өзіміз жайлы айттық.Ол өлең жазғанды жақсы көреді екен.Маған арнап бір өлең шығарды.Сөйтіп біраз әңгімелестік,жүрегі таза жігіт екен маған ұнады.Содан менің нөмерімді сұрады,мен бердім де,агенттен шығып кеттім.Содан бір кезде түнгі сағат 11де мынандай смс жіберді:Әлемдегі ең сұлу қыз Айко қайы рлы түн,тәтті түстер көр деп,қасына атын жазып жіберді.

Мен қуандым оғанда жауап жаздым.Сөйтіп келесі күні бірімізбен жақын араласып кеттік,сосын бір күндері арамызда махаббат сезімі пайда болды.Өзімде қалай ғашық болғанымды білмей қалдым.Ол маған күніге өлеңдер шығарды.Бір күні маған өз сезімін білдіріп,"қызым боласын ба,мен сенің жүрегіңе ешқашан дақ түсірмеймін деді."Мен басында таң қалдым,сосын ойланып келістім.Күніге өлең жазып менің жүрегімді жаулады,күннен күнге бір-бірімізді сүйе бастық.Телефонмен сөйлестік,ең алғаш даусын естігенімде қобалжыдым,ұялдым.Сөйтіп оған қатты бауыр басып қалдым.Бір-бірімізді бір айдай жақсы танып білдік.Бір күні кездесуге шақырды.Кездестік,кездескен күніміз қыстың бір суық мезгілі.Ол мені ұнатты,мен оны ұнаттым.Сөйтіп екеуіміз кездесіп жүрдік,бір-бірімізге сондай бауыр басып қалдық.Мен оны өмірден артық жақсы көріп қалдым.

Кездесіп жүрдік мен онымен кездескенде сондай бақытты болып жүретінмін,тезірек кездессек ғой деп асыға күтетінмін.Біз өзіміздің арманымызды айтып,соған жетеміз деп уаде бергенбіз.Мен оны басқа қыздардан қызғанатынмын.Өзінен екі жас үлкен бір қыз оның артынан қалмайтынын айтқан болатын маған.Мен оны білгенімде жаман қызғаншақ болып кеттім,мен сол қыз оны дуалап немесе менен тартып алады деп жаман қорықтым.Бір күні ол ауырып қалды,мен қатты уайымдадым.Қатты ауырғандықтан оған больницаға жатуға тура келді,сөйтіп ол озінің туған жер і Таразға кетті.Кетерде маған:"мені күт,бір айдан кейін емделіп тез келем деді......
Махаббат хикаялары
Толық