Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 3-сабақ (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1 Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетін, автордың берген мінездемесі шығармадан таба алады
Оқушылардың көбісі: кеәіпккерлердің іс-әрекеті мен автор берген мінездемені салыстырады
Оқушылардың кейбірі: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын біледі
Оқушылардың көбісі: шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады
Оқушылардың кейбірі: шығарма сюжетіне талдау жүргізеді, өзіндік көзқарас танытады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 1-сабақ (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі
Оқушылардың көбісі: «Күлтегін» шығармасын басқа шығармалармен салыстырады;
Оқушылардың кейбірі: Ұқсас шығармалар бойынша өз пікірлерін ортаға салады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Көне түркі жазба ескерткіштері (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері
Оқу мақсаттары: Т/А8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• қажетті ақпаратты тауып, астарлы ойды түсінеді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дереккөздермен жұмыс Сөздік анықтамалық энциклопедия кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау Ескерткіштер (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Дереккөздермен жұмыс. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау.Ескерткіштер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.
Сабақ мақсаттары: Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Орта Азиядағы архитектуралық ескерткіштер

Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысына аса көңіл бөлінеді. Сондықтан оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің, дәрістерді белсенді және аса белсенді жүйеде жүргізудің маңызы өте зор. Бұл студенттердің жаңа оқу материалдарын игеру дәрежесін жоғарылатады. Және болашақ мамандардың қабілеттерін дамытады.
Осы мақсатпен «ПИК-05-8к2» тобының студенті «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен «Орта Азиядағы архетиктуралық ескерткіштер» тақырыбы бойынша кейс зерттеп даярлаған. Кейс әдісілекция сабақты оқытушы қойған нақтылы проблемалық жағдайды жеке топшаларда зерттеп талқылап, содан кейін топ бойынша жалпы шешім қабылдауға және жұмыс нәтижелерін топтың жалпы сөз сайысында презентациялауға негізделген. Сабақты кейіс үрдісімен жүргізу үшін студенттер лекцияның бастауына дейін кейстің тақырыбы мен әне мазмұнымен танысуы керек. Студенттердің алдына қойылған проблемалық жағдайлар пәннің жұмыстық оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес құрастырылған. Оқытушы студенттердің жұмысын бағалаған кезде әрбір студенттің белсенділігін, топта жұмыс орындау қабілеттерін, шешімдерін техникалық рәсімдеу сауаттылығын, проблемалық жағдайды шешудегі жаңа көзқарастарын, жағдайды талдай білу қабілеттерін, альтернативті шешімдерді бағалай білу және өз шешімдерін қорғай білу қабілеттерін ескереді. Бұл кейсті орындау бір лекциялық сабаққа есептелген.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Беғазы Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің архитектурасы

Бұл ескерткіштің ашылуы Қазақстанның ғана емес, жалпы далалық Еуразияның археология тарихындағы қола дәуірінің жәдігерлерін зерттеу ісінде жаңа белестердің бірі болды. Бұл мақала Беғазы қорымы мен оның төңірегінде кейінгі жылдары жүргізілген ізденістердің барысын баяндауға арналған. Бүгінгі таңда қорымда жүргізіліп отырған ғылыми тұрғыдағы қайта қалпына келтіру жұмыстары мен «Беғазы-Қызыларай» қорық-мұражайын ұйымдастыру шараларының үлкен маңызы бар.

Беғазы қорымы орналасқан өлке әсем табиғаты, өзен алқабындағы шұрайлы-шүйгін жайылымдарымен көне дәуірде жанға жайлы мекен болуына байланысты адамдар назарына ерте уақыттан бері ілінген.

Беғазы зиратын алғашқы зерттеушілерінің бірі академик Ә.Х. Марғұлан өзінің аталмыш зиратқа қатысты бастапқы ғылыми еңбектерінде бұл зираттың жазба деректерде 1829 жылы хорунжий Потаниннің естеліктерінде кездесетінін айтады. Орыс өкілдерінің Ташкентке дейінгі жолда жолсерік қызметін атқарған хорунжий Потанин, Беғазы тауының баурайындағы Беғазы-бұлақ суының маңында тастары жерге қырымен қазылып орнатылған төртбұрышты қоршаулардың бар екендігін айтып кеткен [Кызласов Л. Р., Маргулан А. Х., 1950, с. 127]. Сонымен қатар, кейіннен бұл зират туралы И. А. Кастанье, В. Никитин, Н. Коншин өздерінің еңбектерінде атап өтеді
Беғазы зиратындағы зерттеу жұмыстар тек 2003 жылы ғана жалғасын тапты (1-сур.). Жоғарыда аталған олқылықтарды ескере отырып осы жылы Қарағанды облыстық Мәдениет басқарамасы тарапынан Мемлекеттік «Жібек жолы» бағдарламасы аясында «Беғазы зиратындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру» атты арнаулы жоба қабылданған болатын.....
Рефераттар
Толық

Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам ішінде еліміздің қай өңірі болмасын дамудың даңғыл жолына түсіп, жыл сайын құлпырып келеді. Бұл
қай-қайсымыз үшін үлкен мәртебе, қол жетпес бақыт, сөз жетпес қуаныш. Осындай бақытты күндер үшін ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен небір қиын жолдардан өтті. Оның қадіріне жету, қастерлеу, киесін ұғыну бәрімізге парыз.Елімізді әлем таныды. Тереземіз теңелді. Бұл халықтың тілегі еді. ......
Шығармалар
Толық

Тарих | Қазақстандағы тарихи мәдени ескерткіштерге сипаттама

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда, 82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.....
Курстық жұмыстар
Толық