Ертегілер еліндегі шалқан

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ертегілер еліндегі шалқан
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік көрсету.
Көрнекіліктер: Ертегі суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, сиқырлы қорапша, табиғи гүлдер, ағаштар, шалқан суреті.
Бингвилизм: қыс - зима, шалқан - репка

Жылулық шеңбері: «Қайырлы таң»
ҰОІӘ барысы: Музыка ырғағымен балалар кіріп орындықтарының жанына келіп тұрады.
- Балалар, қараңдаршы, біз ғажайып ертегілер еліне келіп қалдық, бізден бұрын апайлар келген екен, кәне қонақтармен амандасайық. Қайырлы таң, көк аспан, Қайырлы таң, жер ана. Қайырлы таң, алтын күн. Сәлеметсізбе!
Здравствуйте! - Балалар, ертегілер елінде қандай әдемі, мұнда бәрі бар. Мен ертегілер елінен келген ертегішімін. Қазір біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Менің соңымнан жүріңдер.
- Балалар қараңдаршы бұл не? (Бірінші ертегі ол Шұбар ала тауық.)
- Ол ертегі не туралы? Жарайсыңдар?
Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
- Мұнда не отыр? Бауырсақ кімнен қашып кетті? Оны не жеп қойды?
- Жарайсыңдар! Мына жерде не тұр? (үйшік). Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? (аңдарды атайды)
- Дұрыс айтасыңдар. Балалар қараңдаршы, мында сиқырлы сандық жатыр. Оны ашып көрейік. Бұл не? (Шалқан). Енді осы ертегімен танысайық. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық