Ернар Айдар концерті кезінде шпагатқа отырып, оның өнерін тамашалауға келген халықты таңғалдырды. Танымал әншінің өлең соңында мұндай ерекше қабілетін көрсететінін оның жанкүйерлері мүлде күтпеген деп жазады NUR.KZ.
Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі, өйткені өмірдің едәуір бөлігі, күннің 7-8 сағаты сонда өтеді. Сондықтан кәсіп таңдау мұны ескеріп мұқият болуды талап етеді. Бұл тақырыпта ата-ананың, ағайынның, мұғалімнің, өмір жолында тәжірибесі мол аға-әпкелерден кеңес алған жақсы болады. Сондай-ақ өзінің табиғатын, қабілетін, мінезін, нендей іспен айналысуды ұнататынын ескеруді назардан шығармау керек.
Психология ғылымдарының PhD докторы Бейсембаев Ғани Бектайұлы осы тақырыпта ата-аналарға мынадай үндеу айтады: «Әуелі балаңыздың белгілі бір іске не кәсіпке қызығушылығы мен әуестігін еске түсіріп көріңіз. Екіншіден, балаңыздың бойындағы қарым қабілет пен бейімділігін сырттай байқап қараңыз.Осы зерттеуіңізді ой зердесінен өткізіп алыңыз. Мұндай қадам, балаңыздың мамандық таңдаудағы шешіміне оң ықпал етуіңізге көмектеседі. Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жақсы. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз әлпештеп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»
Әр түрлі маман иелерінен қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай ауыртпалығы, қандай артықшылықтары барын сұрап, мүмкіндік болса барып өз көзімен көріп, толық бір күн сол маманның жанында болудың пайдасы бар. Бұл іс ыңғайлы ма, жоқ па деп оқыған, естіген, көргендеріңді, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді саралап, мүмкіндік болса кәсіби бағдар беретін арнайы мамандардан кеңес алып барып таңдау жасаған жөн. .....
Барымыз да, нарымыз да, ең құнды асылымыз бала-шағамыз. Бала дүниеге келген соң бұрындары маңызды деп қараған көп нәрсе, екінші орынға түсіп қалады. Әр қадамдарымызды солар үшін басып, олар үшін біршама нәрселерден бастартамыз. «Біз аш қалсақ та осылар аш қалмасын, біз көрмесек те осылар көрсін» деп жатамыз. Ал осы көздің қарашығындай қорғаштап, әлпештеп жүрген балапандарымызды жақсы жетілдіре алудамыз ба?! Әрине әрбір ата-ана баласы үшін барлық нәрсенің ең жақсысын қалайды. Алайда ең жақсы деп жүріп қателікке бой алдырып жататынымыз тағы бар. Өйткені баламызды қорғаймыз деп жүріп, олардың келешекте әлсіз, өзіне сенімсіз, білгенін шығара алмайтын, басатын әр қадамында ата-анасының мақұлдауын күтетін, нәтижеде жетістіксіз, бақытсыз тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болуымыз мүмкін. Ал қалай етсек олардың жетістікті болуына ықпал ете аламыз? Мұның жауабы балаға қарай, отбасыға қарай өзгерсе де, жалпылама ортақ тұстары бар. .....
Ернар Айдардың "Күнім сен сөнбеші" әні бірден хитке айналды. Бейнебаян кейіпкерлері көптің назарын аудартып, аз уақыт ішінде 8 миллион тыңдалымға ие ән біздікі болмай шықты деп хабарлайды Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жантүршігерлік жол апатына түсіп, барша көрермендерін алаңдатқан Ернар Айдар жаңа клипін жарыққа шығарып үлгерді. "Күнім, сен сөнбеші" әнінің сюжеті шынайы өмірден алынған және ондағы кейіпкерлер өз бейнелерін сомдайды деп хабарлайды NUR.KZ.
Ернар Айдар – қазақ эстрадасының жас жұлдызы, Өзбекстанның Навои облысында 1991 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Әнші Ернар Айдардың балалық арманы оны биік белестерге жетеледі. Заңгер мамандығына оқуға түссе де, қолы қалт еткен уақытта өнер академиясын жағалап, дыбыс жазу студияларын аралады. Інісінің бойындағы Алла берген талантын ағасы әрі продюсері Талғат Айдар байқап, барынша қолдау көрсетті. Осылайша әнші 22 жасында өнер әлеміне қадам басады. Ернардың алғашқы әні әкесіне арналған. "Асыл әке" әнін жас талантқа өнердегі ұстазы Қуаныш Құрманбаев ұсынған. Ернар Айдар бұл әнді алғаш рет әкесінің туған күнінде шырқады. Араға біраз уақыт салып, Қуаныш Құрманбаев Ернарды белгілі композитор Бауыржан Есебаевпен таныстырады. Сазгердің "Жарығым-ай" әні жас жұлдыздың бағын ашқан туынды болды. Ән бірден хитке айналып, тыңдармандардың жүрегіне жол тапты. "Күнім, сен сөнбеші" әні де халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналды........
Ернар Садырбаев (Әміре) Қостанай қаласында дүниеге келген. Ернардың бойындағы талантын мектебіндегі музыка пәнінің мұғалімі байқап, оны қалалық жарыстарға қатыстырған. Сондай-ақ, кішкентай өнерпаз 7 жыл бойы музыка мектебінде оқып, ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннен тәлім алған. Содан ба екен, Ернар өзінің болашақта кім болатынын мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шешіп қойыпты. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдады. Ернар R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрларында ән салады. Ол қатысқан байқауларды санағанда тіпті есептен жаңылысуға болады. Әміре бұрынырақта «Алтын микрофон», «Бозторғай», «Дельфи ойындары» байқауларының лауреаты атанған. Сонымен қатар, 2015 жылы Италияның Милан қаласында өткен «EXPO-2015» халықаралық көрмесінде ән шырқау құрметіне ие болды. Продюсер Брендон Стоунмен бірге жұмыс істеген шағында халықаралық «Новая волна» байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Германияда өткен «Berliner Perle» байқауында да үздіктер қатарынан көрінді.....