Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жөн. ....
Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко¬номикасының негізі. Соның ішінде, дамыған ел¬дердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо¬миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт¬қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле¬кеттік саясаттың басым бағытта¬рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көр¬сетудің жүйелі іс-қимылдары баян¬дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қажеттілігінің маңызы мынаған сайып келеді: Еуропаның дамыған ел-дерінде шағын және орта кә¬сіп¬керліктің өнімі ішкі жалпы өнім¬нің 40-60 пайызын құрайды, ал бізде бұл көрсеткіш 15,7 пайызға тең. Қазір Қазақстанда 455 мың же¬ке кәсіпкер, 169 мың фермерлік ша¬руашылық, 189 671 шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркеуден өткен 189 671 шағын кәсіпорынның жұмыс істеп тұрғаны - 120 356. Қазіргі таңда шын мәнісінде белсенділік танытып отырған кәсіпорын саны - 55 865. Осыған қарап-ақ елі¬мізде кәсіпкерлік субъектілерінің олардың Қазақстан эко¬но-микасына қосар үлесі әлі де мар¬дымсыздау екенін мойындауға тура келеді. Кәсіпкерлікті қолдаудың мәні Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында айқындалған. Аталмыш Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманың жүзеге асуы үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру бойынша мемлекеттік шаралар кешені. ....
Сенімгерлікпен қызмет көрсету –меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алға шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түсіреді. Әлемдік банк іс-тәжірибиеде коммерциялық банктердің өз клиенттеріне көрсететін әр алуан комиссиялық делдалдық қызметтердің бір түрі ретінде сенімгерлік операцияның пайда болуын және олардың шапшаң дамуын мынандай бірнеше обьективті себептермен байланыстырып түсіндіруге болады: -банк өтімділігінің проблемасы, дәстүрлі ссудалық банк операция түрлеріне тәне құбылыстың кемуі, сондай-ақ шешуші міндеттердің бірі болып табылатын өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап отырып, операция табыстылығын арттыруға банктердің ұмытылысы; -банк клиентурасының, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының банктен қызмет көрсетудің кең ауқымды жиынын пайдалануға өсе түскен ынтасы; -ссудалық капитал нарығындағы бәсекелестіктің клиент үшін банктердің арасында жүріп жатқан күрестің күшеюі, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да көрсететін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы; Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары. Сонымен бірге спенімгерлік операциясын жүргізу персоналдан көптеген салаларда жоғары біліктілікті талап етеді: заңды білу, инвеститциялық қызметке машықтану, меншікті басқару. Сенімгерлік тараптардың бір-біріне сенімді болғанын, өзара қарым-қатынасын сенім негізінде құруын ұйғарады.Тараптардың бірі меншікке (мүлікке, ақшалай қаражатқа, құнды қағаздарға, мүліктік және басқадацй құқықтарға) қалай өкімгерлік ететініне жауап беретін болса, екіншісі әлдекімнің пайдасына жауапты болады. ....
Компьютерлік вирустар дегеніміз -өзінен өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар. Вирустарды төмендекөрсетілген белгілеріне қарай бірнеше топтарға жіктеуге болады: -вирустардың орналасып алған орындарына қарай; -вирустардың орналасып алған орындарын білдіру тәсілдеріне қарай; -керіқұрылымдық мүмкіндіктеріне (әрекеттеріне) қарай; -вирус алгоритмдерінің ерекшеліктеріне қарай. Вирустар орналасып алған орындарына қарай желілік, файлдық, жүктелетін болып жіктеледі. Желілік вирустар компьютерлік желі арқылы тарайды, файлдық вирустар орындалатын файлдарға, ал жүктелетін вирустар –дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік жүктелуін құрайтын секторына (Master Boot Record) орналасады. Файлдық-жүктелетін вирустар да кездеседі. Мұндай вирустар зиянкестігі күрделі алгоритмдермен орындалып, олардың жүйеге ену әрекеті астарлы тәсілдерді пайдаланады. Вирустар бүлдіру тәсілдеріне қарай резидентті және резидентті емес болып екіге бөлінеді. Вирус жұққан программа іске қосылғанда, резидентті вирустың көшірмесі компьютердің жедел жадында жазылып қалады да, олар операциялық жүйеде жұмыс жасаған программаларға «жұғады». Резидентті вирустар компьютер жедел жадында орын алып тұрады да, компьютер істен шығарылғанға немесе қайта қосылғанға дейін «өз жұмысын» атқарады. Резидентті емес вирустар компьютердің жадында ораналаспайды және олардың жұмыс істеу уақыты шектеулі болып келеді. Ал, кейбір жедел жадқа орналасқа резидентті вирус түрлері өзінің зиянкестік әрекетін таратпайды. Мұндай вирустарды да резидентті емес деп есептеуге болады. ....
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен –басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды ‘’бүлдіруге’’ кіріседі және компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа ’’ауру жұққан’’ немесе ‘’бүлінген’’ деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус іске кірісіп, оның негізгі фукциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да ‘’жұғады’’ және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды ( мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекетін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс жасай береді. Сөйтіп программа бұрынғысынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге ’’вирус жұққандығы’’ бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде ‘’ вирус жұққан’’ програмалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екенісырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: - кейбір програмалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді - экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады. - компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды . - көптеген файлдардың бүлінгені байқалады. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті оданда терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң біртіндеп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. ....
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады.
Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен. ....
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әртүрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады. Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сонай-а бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастырылатын темір жол және әуе қатынасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкін емес ғаламдық ақпараттық Интернет желісі. Қазіргі кезде компьютерлік желі кез келген мекемеде орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында құрылады. ....
Көз алдыңызға мына бейнені елестетіп көріңізші, өзіңізге қажетті кез-келген ақпарат сіз қалаған түрде қол астыңыздан табылады. Үйде, кеңседе, мекемеде және басқа қаладағы қажетті құжатты көргіңіз келсе, міне ол көз алдыңыздан көрінеді. Бірер минут арасында келісім – шарт үлгісін қағазға басып алу, есепшот жайындағы мәліметті тікелей банкіден білу мәселесі шешіледі. Ақпарат жүйесіндегі жеке адам, кітапхана, мекеме, ұйыммен кез – келген жерден қосылуға болады. Олармен хат алмасу, тікелей сөйлесу, бейнесін көру мүмкіндігі туады. «Бұл ғажайып қиял ғой», - дерсіз. Қателесесіз, өйткені бұл бүгінгі күнгі шындық. Қолыңыздағы кішігірім «Офис»- дербес компьютер (Notebook) ұялы телефон арқылы дүние жүзілік компьютерлердің байланысы (Internet) жүйесіне қосылған. Ал, интернет арқылы дүние жүзін қамтыған тор (WWW- Word Wide Wed) қажетті ақпарат, электронды хат алмасу, әлемнің әр нүктесіндегі адамдар бір – бірінің бейнелерін көре отырып сұхбаттасу, электронды сауда – саттық жасау, оқу орындарынан қашық жерде білім мүмкіндігіне ие болады. Қысқасы, көзііңз көптен көруге, құлағыңыз алшақтан естуге, қолыңыз жетпей – ақ алуға, аяғыңыз баспай –ақ баруға жеткізген өркениеттің игілігі КОМПЬЮТЕР мен мәдениеттің ізгілігі АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ. Компьютер – бұл өте жылдам есептеуіш машина, аса күшті калькулятор. Бар мүмкіндігі санды қосу, салыстыру және жадыда сақтау деп компьютер маманы айтса. Компьютер бұл керемет ойлана алатын интелектісі өте жоғары машина деп компьютер сүюші айтады. Әрине екеуінің айтып отырғандары орынды. Біздің күнделікті естуімізде компьютер сандаған мәтіндер өңделіп суреттің талай түрі туындап, дыбыс пен музыкалар жазылып, бейне қозғалыстар жасалып жатыр емес пе ?! Дегенмен түбінде компьютердің мазмұны бүкіл ақпаратты тек сан түрінде ғана өңдейді және сақтайды. Компьютер саласын жан-жақты зерттейтін ғылым «Компьютер ғылымы» деп , ал ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жанқты зерттейтін ғылым «информатика» деп аталады. ХХІ ғасырда көптеген ақпарат көздерінде «ақпарат ғасыры», «ақпараттық қоғам» деген тіркестермен айтады, біз басты құралы компьютермен болғандықтан «компьютер ғасыры» деп атаймыз. Жаңа ғасырда зат пен энергия көзі емес ақпарат пен білім көзі қоғамның шешуші күштеріне айналады.Жаңа қоғамда ақпарат жайындағы ғылым пайда болары мүмкін. Сол ғылымның басты өзегі Информатика болуы мүмкін информатика ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жақты зерттейтін ғылым дәрежесіне көтерері хақ.....
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым – қатынастарды қамтиды.Мұнда құқықтық, психологиялық,тарихи сәттер көрініс алады. Кәсіпкерлік: мәні,мазмұны. Буржуазиялық -экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы 18 ғасырда қолданыла бастады.А.Смиттің ойы бойынша,кәсіпкер– сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады.Ол өндірісті өзі жоспарлайды,ұйымдастырады және соның нәтижесіне оған өзі иелік жасайды. Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша,бұл - өндіріс факторларының қисынын келтіріп ұштастыратын,экономикалық қызмет атқаратын адам. Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп,иелігіндегі қажетті құралдарды (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады.Бұлардың қатарына жататындар – шағын кәсіпорындардың иесі,акционерлік қоғамның басқарушысы,кооперативтің жетекшісі, шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшысы) бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамассыз ететін құралдарға,жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты. ....
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін қмір көрсетіп отыр. Нарық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар.Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес- жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.Отандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің жеткіліксіздігі кәсіпорын экономикасының тұрақтануына кедергі келтіреді. Нәтижесінде инвестицияларды лизингі арқылы тарту қажеттілігі туындайды. Лизингілік өызмет белгілі бір қауіптермен байланысты, ол залалға әкеліп соқтыруы мүмкін және меншікті ресурстары есебінен дами алмайтын кәсіпорындарды қолданылады.Кредитке қабілеттілігін арттыру үшін кәсіпорынды дамытудың жаңа стратегиялық тұжырымдамасын ендіру қажет. Осындай және одан басқа ақпараттар осы жұмыс барысында қамтылған. ....