Жантүршігерлік жол апатына түсіп, барша көрермендерін алаңдатқан Ернар Айдар жаңа клипін жарыққа шығарып үлгерді. "Күнім, сен сөнбеші" әнінің сюжеті шынайы өмірден алынған және ондағы кейіпкерлер өз бейнелерін сомдайды деп хабарлайды NUR.KZ.
Қарапайым халық пен бай-бағландардың көңіл көтеруі екі түрлі. Күйбең тіршілік деп жүріп кейде демалудан да құр қалатын халық әр күні ойын-сауыққа айналған бай-бағландардың өміріне қызыға қарайды. Әсіресе, олардың үлде мен бүлдеге оранған қыздары мен әйелдері "ақсүйектер" жиынына ғана барып, өзіндік ортада ғана көңіл көтереді.
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұлттық бірыңғай тестілеу сұрағында өзінің аты-жөнінің көрсетілгенін сынаған профессор Сайраш Жиенбаеваға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Бірінші наурыздан бастап елімізде Discovery Showcase HD телеарнасы хабар тарата бастайды, ол уақыт өте қазақ тіліне өтеді. Бұл туралы "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы баспасөз қызметі мәлім етті.
Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірә да?! Мұхтар Әуезов
... Соғыс деген, сойқандардың қолындағы найзасы, Қолданады, долданады, таусылғанда айласы. Соғыс деген, соғыс деген – зұлымдықтың айнасы, Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы, - деп қарғыс атқыр соғысқа сипаттама бере отырып , оның жағымсыз әрекеттерін жырлаған поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаев «соғыс» сөзінің толық мағынасын ашты. Аталарымыз бен апаларымыз осындай алапат сойқанда рухын жүдетпеуге бекініп бар күшін жұмсады. Аталарымыздың ерлік рухы грек ертегісіндегі Прометейді есіме түсіреді. Адам баласына жақсылық жасауын ізгілік іс деп ұғынған, сол жолда алған бетінен қайтпаған әкелеріміз бен аналарымыздың әр күні теңдесі жоқ ерлікке толы еді. Олар от пен оққа қарсы тұрды, жеңіске жететін жолын тапты. Қара нар өлерінде боздап өледі, дегендей әкелеріміз бен аналарымыз ұрпағын жаңа ғасырға жетелеуде шыдамдылық пен қайсарлығын өнеге ете білді. Өнегелі өмірін үлгі етерлік Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік – жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов атамыз болса, аты аталмай ,ерлігі жазылмай қалған қаншама боздақтар, десеңізші......