Ерлік жырын жырлаймыз !

Қара өлең қасиетін анық берген ,
Бойыма бабалардан дарын келген.
Жыл сайын бір келетін Жеңіс күні
Бабалардың рухымен анық келген.
Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін- Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын- ажал.
Сол қанді кезеңді еске түсірсек, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылмаған. Ұлы Отан соғысы ... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп , әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе оларды ортасындағы Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, күшімен, қанымен,ісімен, ерлігімен, терімен, көз жасымен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп,тауын шағып,туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап. аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,Қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол-өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. .......
Шығармалар
Толық