Еркежан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жанымды толқын болып тербеп едің,
Алдымда ақ ботадай еркеледін.
Алқынып жете алмадым сағым қуып,
Жасқанып жар ниетін бермеп едің.

Қайырмасы:
Жалын атқан жас жүректен
Жан ұнатқан бір сен едің,сенші,сәулем,
Еркежаным менің сенші сәулем......
Өлеңдер
Толық

Еркем менің (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ел бесігі Ертіс өзен төсінде,
Мамыражай майда қоңыр кешінде,
Қайық қалқып, көңіл шалқып серуенде,
Еркем менің, ерке әнің есімде.

Сағындым ғой сол әніңді сан сырлы,
Сарғайдым да, тағат шіркін таусылды......
Өлеңдер
Толық

Жан ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сүйсінемін, жан ерке, мінезіңе,
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен-кіші естісе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.

[Қайырмасы]
Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ, еш қандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз, еркем-ай!.....
Өлеңдер
Толық

Ақмарал сұлу еркем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеткенде сенен алыс жерге шалғай,
Жүрермін сені қалай есіме алмай.
Өзімнің тыңдап тапқан бақытымсың,
Бейнең тұр көз алдымда атқан таңдай.

Қайырмасы:
Ақ жүзің айдай еркем,
Арманым сені көрсем.
Алыстан аңсап келемін,
Ақмарал сұлу еркем......
Өлеңдер
Толық

Еркем-ай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.

Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.

Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай......
Өлеңдер
Толық

Еркем-ай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын......
Өлеңдер
Толық

Ақ ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда,
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметтеп сәулем қайда.

Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.....
Өлеңдер
Толық

Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Мақала жазудың талаптарымен таныстырып, теорияны практикада бекіту.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов (Жанерке)

Сонау-сонау Алматыдан алып-ұшып хат келді,
Хат келді де Бапа апайға бір қуаныш aп келді.
Секілденген жанарының ағы менен қарасы,
"Демалысқа барып қайтам", — деп жазыпты баласы.
Шүкір-шүкір, жалғыз ұлы қазір елге мақтаныш,
Ержетті де, арман қуып туған жерден кетті алыс. ....
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Еркебайдың аулында)

[quote]Терең ойлы Еркебай,
Орта бойлы Еркебай.
Ауылы күнде той-думан,
Еңбекші елге серкем - ай!
Кішіпейіл жайдары,
Ақылы көп айлалы,
Қысылғандар келгенде,
Кеңес табар пайдалы.
Зорлық - қорлық көргендер......[quote]
Өлеңдер
Толық