1.1. Тақырыптың өзектілігі мен тәжірбиелік маңыздығы.Егеменді ел болғалы да біршама уақыт өткенімен мал басы, оның ішінде ірі қара мал саны өспей отыр. Бүгінде республикада мал саны небәрі 6 млн ғана. Мал басы көбінесе шаруа қожалықтары мен жеке кооперативтерде шоғырланған. Ірі қара мал басының бұлай өспеуінің себебі төлдер арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар себепкер болып отыр.Республикамызда ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады.Ірі қара малы өнімділігін арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады....
Кіріспе Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз. Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері - "Батыр Баян". Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған. Алғаш "Шолпан" журналының 1923 жылы №4–8 сандарында жарияланған "Батыр Баян" поэмасы тарихи деректерге қарағанда Мұқтар Әуезовтың үйінде бір таңда жазылған. Осы помасына негіз болған деректерді ақын Шоқан Уәлиханов еңбегінен алғаны баршамызға мәлім. Поэманың кейіпкері болып отырған Абылай хан да, Батыр Баян да өмірде болған адамдар. Және Баянның Абылай ханның сүйікті батыры болғаны да рас. Сондықтан Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен – Абылай хан батыр Баян есімдерінің ел назарынан тыс қалып, ұмытыла бастауы бір кездегі, батыр халықтың рухының жойылуына апарып соғарын түсінгендіктен, "Батыр Баян" поэмасын жазған. "Батыр Баян" поэмасында қазақтың хандық дәуірі, оның ішінде Абылай тұсындағы жаугершілік заман психологиясы көрініс тапқан. Ақын шығарма мазмұнына реалистік оқөиғаларды мәселен, Абылай дәуірі, XVIII ғасырдағы қазақ батырлары, соның ішінде Баянның ерен ерлігі, қайсарлығы мен батыр мінезі, қалмақ пен жауласқан майдан даласы, Абылай мен Баян арасындағы сөз бәсеке, Сары батырұлы Қыстаубайдың қалмақ қызына ғашықтық оқиғасы, Жанатай өлімін таңдап ала отырып, тарихи шындыққа романтикалық қуат берген. Яғни негізгі мазмұнын тарихи оқиғалар құрып тұрған поэмаға ақын романтикалық махаббат, асқақ өлім ырғағын үстемелеу арқылы бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлының образын сомдауға, характерін ашуға пайдаланды. Яғни ер Баянды Мағжаннан асып, ашын тарихқа қалдырып, танытып, бейнесін әдеби көркемдеген ешкім болмады. Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бас шенінде ақын басқа поэмалар сияқты өз күй-сезімін толғап бастайды. Ақын өткен күн тақырыбына неліктен оралып отырғанын, қалам ұстаған кездегі жағдайын түсіндіруге бейім. Ары қарай Мағжан XVIII ғасыр Абылай заманын, қанша уақытқа созылған қазақ-қалмақ арасындағы айқасты суреттейді. Және поэманың драмалық тартысын күшейту үшін Баян-Ноян-қалмақ қызының арасындағы шиеленісті, ақыры Ноян мен қалмақ қызының өлімін жырлайды. Ал екінші тарауда ақын басшы кейіпкер Баянның жүз жігітпен қалмақ қолына шабуын, асқақ өлімін суреттейді. Дерек көздерін және тақырыптың бұған зерттеулер деңгейіне келер болсақ, Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томын айтамыз. (Алматы I том, 1961). Ал, "Батыр Баян" туралы алғашқы пікір Ж. Аймауытовтың " Мағжанның ақындығы туралы ( Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама "Лениншіл жас" журналы №5, 1923 жыл) мақаласында жарық көрді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың "XX ғасырдағ,ы қазақ әдебиеті" еңбегінде біршама қаралады.....
Тақырыптың өзектілігі: Қазақтың бұлбұл үнді саршыл ақыны Сағи Жиенбаев өлеңдері бізде көп сөз бөле бермейді. Ол туралы сирек жазылады. Бірақ Сағи секілді ірі ақынның сый – сияпатқа бөлінуге әбден қақысы бар. Сағи туралы жарық көрген еңбектер бар болжаммен , поэзиясы толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз. Сондықтан біз дипломдық жұмысымызда Сағи поэзиясы кең түрде ғылыми тұрғыда зерттеуді тақырыптың өзектілігі деп көрсетеміз. Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеті: Талантты ақын С. Жиенбаевтың лирикалық шығармашылығына бұрын айтылған сын – пікірлерге шолу жасай отырып, оларға баға беріп лирикасының жетістіктері мен кемшіліктері тұжырым жасау. Ғылыми болжамы: Келешек оқу үрдісінде ғылыми жобалармен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде , бақылау, курстық жұмыстарды және қазіргі дәуір әдебиеті пәнін өйткенде көмекші ретінде пайдалануға болады. Зерттеудің нысаны: Диплом жұмысы орындау барысында көрнекті ақын С. Жиенбаевтың поэзиясының көркемдік ерекшелігіне тоқтап,қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, әдеби мұрасына қатысты материалдар арқылы ғылыми тұрғыдан талдап теориялық маңызына назар аудардық. Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе және екі үлкен тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны Сағи Жиенбаев жайында ең алғаш ақын ұсынған жыр жинағы арқылы оқып білдім. Сағи -ағам-балалар ақыны емес. Бірақ балалық шақтың әсерін бойында сақтап қалған ақын. Қалам иесі үшін бұл үлкен бақыт. Бала шақ-Болашат аталатын үлкен университеттің алтын бастауы. Жыр - адам жаның тазартады. Қалғып бара жатқан рухыңды сілкіп оятады. Жақсылыққа өмірге құлшындырады.Сағи ақын жырлары бейне мөлдір бастау. Шөліркеп келіп бас қойсаң сусының қанады, мұңдатып жүрсең өзің менсырласып шеріңді тарқатады. Бейне бір сырыңды сыртқа шашпас жан досыңмен сырласып отырғандай боласың. С.Жиенбаев өлеңдері үстіне кір жұқтырмас кірпияз жандай мұнтаздай таза болып келеді артық жол, басы артық бір сөз болсайшы. Әсемдікті сезіндіріп, әдемілік дүниесіне шомылдырып тұрып та терең ойланып, дүние ғаламға көзіңді ашып, көңіліңді оятып жатады. Аңғар жақтан тұрады салқын жел есіп Күнгей бетің тебіндепті-ау көгі өсіп. Тағы да бір қимас жанды құндықтап, Тау басына қосылар бір төбешік. Осында табиғат суреті, тірлік мұраты, өлім бәрі де бар емес пе?! Және қалай жақсы, қалай ойлы айтылған.....
Тақырыптың өзектілігі. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының сүбелі салаларының бірі — поэзия. Бұл — негізінен замана талабынан туындаған, дәуір жүгін арқалаған шығармашылық ізденіс. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде поэзия өзінің жетекшілік рөлінен айырылған жоқ. Бұған өлеңнің оқырман мен тыңдарман жүрегіне жылы ұялар қасиеті, ойдың ұшқырлығы мен жинақылығы себеп болса керек. Ел азаттығын армандаушы, білімге, "жарық күнге" үндеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алғашқы жүрекжарды туындыларында осынау тәсілді таңдап алуы — уақыт үніне сай болуды көздеуден туған шара. Бірақ көңіл аударар бір мәселе — Ахаңның өзгелерден өзгерек өзіндік жол табуы. Бұл — оның тұңғыш жинағының түгелдей аудармалардан тұруы. Орыстың атақты мысалшысы И.А.Крылов шығармаларына зер сала үңілген ақын оның көптеген мысалдарынан өзінің ділгір қажеттілігін тауып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарды. Ахмет Байтұрсынұлы мысалдарын қарастырған кезде біз оның өзіндік ерекшеліктерін тануға ден қоюымыз керек. Ахаңның Крылов мысалдарына ерекше назар аударып, жеке жинақ етіп шығаруы мысалдың ұлттық салт-дәстүрде, ауыз әдебиетінде терең із тастауында жатса керек. Эзоптан калған дейтін ("Түлкі мен жүзім" атты) мысалдың қазақ арасында өзгеше бір нұсқасы бар. "Шаңырақта асулы тұрған етке мысықтың аузы жетпей мысы құриды, сонда ол: "Өзі жасық, өзі сасық, осы етті кім жесін" деп, менсінбей жүріп кетеді. Бұл тәрізді прозалық мысал үлгілері қазақ арасында жиі кездеседі. Олардың көбі кейін аңыз әңгімеге айналып, өзінің алғашқы мысалдық өткірлігін жойып та алады. Мәселен, түйенің бойына сеніп жылдан қалуы қазір андар арасында жылға таласу негізінде сақталса, алғашында түйенің аңқаулығына негізделген мысал ретінде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Кейде мысал өзінің дидактикалық, моральдық мәніне қатысты ең қысқа нақтылыққа жеткізіліп, қанатты сөзге, мақал-мәтелге айналып кетіп отырады. Мысалы, "Аспандағы еттің сасығы-ай", "Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты" деген мәтелдер айтылған сәтте, тыңдаушы оның арғы түкпірінде қандай оқиға бар екенін, неге қатысты айтылғанын бірден ұға қояды. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынов аудармаларының маңызын ашып, оның қазақ әдебиетінің дамуымен тамырлас екенін анықтауды көздейді. Осы аяда А.Байтұрсынов аудармаларының қазақ әдебиеті тарихында лайықты орны бар екенін ғылыми дәйектеуді мақсат етеді. Ол мақсаттарды шешуде, зерттеуде төмендегідей міндеттер қойылады: - Аудармалардың негізгі бағыттарын, сипаттарын, жанрлық байлығын анықтау; - А.Байтұрсыновтың шығармашылық өмірін жүйелеу; - А.Байтұрсынов аудармаларының қөркемдік–эстетикалық құндылықтарын ашу, олардың қазақ әдебиетінің байлығын толықтырудағы мәніндәлелдеу. Зерттеудің ғылыми болжамы....
Кіріспе Әр халықтың өмір сүру кезеңіндегі тарих өзінің баға жеткізгісіз рөлін атқарады. Адамзатқа қажетті рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге, тарих сол халықты танытатын керемет өмір оқулығы. Тарихын өткеннің көркем түрде сипаттау адамды эстетикалық және идеялық тәрбиелеуге ықпал етеді. Сол кезеңде өмір сүрген адамдарды өткен уақыттың оқиғаларын шынайы, бар болмы-бітімімен, тарихи аяда бейнелеуге әркімнің батылы бара бермейді. Және бұған үлкен жауапкершілік, терең тарихи білім, шығармашылық, шеберлік, талант, қаламгерлік тәжірибе керек./1,3/ Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек. Тарих туындылардың тамыры антикалық дәуірден тарайды. Сол кездегі үлкен тарихи оқиғалар Геродот, Руфь, Флавий, Аррион, Диодор жазбаларында сақталды. Олардың басты ерекшелігі болған оқиғаның шынайы болмысын жеткізгендігі. Өзінің басты объектісі адамды бейнелеу арқылы әр дәуірдің сан қилы сыр-сипатын көрсететін көркем әдебиеттің даму кезеңдеріне көз салғанда, оның нақтылы тарихи адамдар мен тарихи оқиғаларды бейнелеу ерекшелігі, яғни әдебиеттегі тарихилық мәселелері айрықша назар аудартары хақ. Ал, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы тек белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге ғана емес, сол әдебиеттің осы өзекті мәселе тұрғысынан алғандағы жүріп өткен жолын бағдарлауға да мүмкіндік береді. Сөз жоқ, ол жолды азаматтық тарихпен тікелей жарысып отыратын жол деп тануға болар еді. Өйткені, онан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыры, таразыға түскен небір тарихи тайталастарының мәліметтерін табасыз. Көркем әдебиеттегі тарихилық сапалық тұрғыдан алғанда ғылымдағы тарихилықтан ерекшелеу болып келеді. Өйткені, ғылым белгілі бір дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын оның кісілік құлқы, әрекет харакеті таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты тарихи мән-мазмұны, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ /7,3,5/. Тарихи шығарманың халық тарихындағы елеулі құбылыстар туралы жазылуы шарт деген пікір орынды. Бұл жерде тарихи шығарманың халықтың тарихы, тарихи өткені туралы жазылуы қажетті дау тудырмайды. Ал тарихи шығарма негізінде халық тарихындағы аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар ғана жатуы керек дегенде, халықтың өткен тарихын оның мазмұнына қарай екшеген болып шығамыз /8,9/.....
КІРІСПЕ Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі ретінде қыр сыры мол жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше. Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек. Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт. Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, И. Сапарбай, И. Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж. Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады. Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты ақындардың бірі – Жүрсін Ерман. Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясы дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді. “Аталған жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас” /1.106/. Шынында да осы жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. С. Жиенбаев, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Нәжімеденов, Қ. Мырзалиев, К. Ахметова, О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев, Т. Айбергенов т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді. Өмірі мен өнерін өлең-ғұмырға сыйғызған ақынның көп жылдық шығармашылық еңбегінің әр алуан кезең еншісінен орнын ойып алып, әдебиет майданы күрескерлерінің қаламына ілігуінің өзі де заманға сай заңдылық. Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы топтан көрінетін Ж. Ерман поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы да. Бұл орайда «Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді» деген Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады /2,12/. Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары /Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б./ көркемдік рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең толғады.Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге көтерген – С. Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, А. Бақтыгереева, Н. Оразалин, О.Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т. Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков, А. Егеубаев, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып, Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында өлең -өнердің өз өкілі – осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген ақынның бірі – Жүрсін Ерман.....
1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.
Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:
Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.
Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.
Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. .....