Үш әйел суға барып кеңескенде не десіпті? Бірінші әйел айтады: – Мен ер жеткен кезде әкем мені бір жігітке берді. Өзі әлді шаруаның баласы еді. Өзі сері жігіт еді. Домбырашы еді. Ол кезде қазақ пен қалмақ бірін–бірі шауып, әкетер еді. Елін, жерін қорғаймыз деп, азамат тегіс ат үстінде болушы еді. Осының бірі менің ерім еді. Бұл жастықты қойсаңшы, мен басқа жігітпен әуейі болдым. Ол кісім келіп, қойнымда жатып, ұйықтап қалыпты. Мен де ұйықтаған екем. Мырзамның атынан түсіп, атын белдеуге байлаған дыбыстан ояндым да, жатсам, төсегіне жатуға келер деп, атып тұра кеп, есік ашып, түндікті сырдым. Жігітті қымтап, жауып тастағанмын. Мырза үйге кіріп келіп, жүктің үстіндегі домбырасын алып, шертіп-шертіп жіберді. Мен айттым: – Мырза, осы домбыраны адам көзімен тарта ма, көңілмен тарта ма? – дедім. Мырзам отырып: – Көңілмен тартады, – деді. – Мен көзбен тартар, – дедім. – Егер көңілмен тартатын болса, мен көзіңді байлайын, тартшы, – дедім. Ер аңғал келеді ғой, «Қанекей, байла», – деп, қасқайып отырды. Мен көзді байладым да, домбырасын қолына бердім. Сонда күйшім «Бозайғыр» деп, күй тартты. Мен соның мәнісін сұрап, алдандыра бердім. Жігіт шығып кетті. Осындай сасқаным жоқ шығар. Амалдап, жігіттен зорға құтылғанмын, – деді......
Бір күні үш келіншек су алуға шелек алып, суға барады. Судың басында үшеуі бір-бірінен сыр сұрасыпты. Сонда бірінші келіншек айтыпты: – Мен осы күнгі күйеуіме тигенде менен мынандай жақпастық қылық өтті, келіншек-ау... Осы бар ғой, бір күні тигеннен кейін бірнеше ай өткен соң күйеуімнің бір жақсы, жақын құрдасы болушы еді. Сол күнде-күнде келіп, «бер» деп, мазамды ала берді. Сонан бір күні қара басып, «беріп» едім. Бірақ та түннің іші масахана құрулы еді. Сондай тар жерде тамашалап жатқанда, күйеуім есік қақты. Жаңағы құрдасы, түспегір, қайда тығыларын білмей, сасқанынан ол маған: – Енді қайттім? – деді. Сол кезде мен айттым: «Тырп етпе, жата бер», – дедім де, есікті аштым. Қолына домбырасын алып, күйеуім де келді. Ол кірместен тұрып, көрпеше салып, жерге жата қойдым. Шамды жақтым да, көрпешеге отырғызып: – Осы жұрт сені асқан ақын, жорғадай күйші дейді. Сен сол күйіңді тартшы, – дедім. – Соны естуге құмартып отырмын, – деп, асыла түстім. Ол домбыраны алып, күйді күйлетіп отырды. Сонда мен: – Осы сен күйші болсаң, көзіңді жұмып тартшы, домбыраның пернесіне қарамай, – дедім. Ол, байғұс, еш нәрсемен ісі болмай, көзін жұмып, тарта бастады. Ептеп еліктетіп, «Ой, сенің көзің ашық отыр», – дедім. Ол онан сайын көзін қатты жұмды. Сол кезде баяғы масаханадағы құрдас жігітті шығарып жіберіп, өзім қасына қайта келіп отырдым да: – Ой, ақыным-ай, рақмет! Жұрт мақтарлықтай екенсің, – деп, көтеріп қойдым......
Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Алдар жерошаққа аунап, ұйықтап қалған екен, бір уақытта оянып, көзін ашса: Елбектейді ақырын, Елестейді ақырын Дәл өзінің үстінде Дәл көргендей түсінде… Бірдеңелердің жүргенін сезеді. «Шайтан дегендерің осы екен» деп, көзін қайта жұма қояды. Түлен түртпек түленбек, Біздің қазақ тілінде. Бәле үстіне бәле өнбек Бір бәлеге ілінбе. Ескілердің айтуынша, Түлен, Құлан дейтін екі шайтан бар. Осы шайтандар Ебілістен бата алып, әдейі қазақты алдауға шығыпты. «Түлен түртті» дегендегі Түлен осы Түлен болса керек. Секектесіп желісіп, Қап тауынан қадаңдап. Түрлеріне келісіп, Жетіп кепті жалаңдап.......
Ертеде бір бай болыпты, байдың бір жалғыз баласы болыпты, аты – Ежігелді екен. Әкесі баласына қалың беріпті, баласын қайнына жіберіпті. Баласы барып, қалыңдық ойнапты. Ежігелді үйіне қайтты. Келе жатқанда ұры тонапты, жанында екі күміс теңге қалыпты. Үйіне жаяу келді, келсе, елін жау шауып кетіпті. Ежігелді кім екенін білмейді. Жұртында бір қотыр торы тай қалыпты, тайды алдына салып айдапты. Алдынан үш кісі көрініпті. Со кісі жақындапты. Ежігелді екі күміс теңгесін манағы қотыр тайдың құйрығының астына тығыпты. Бағанағы үш кісі келді, келіп сөйлесті. Үшеуі байлардың балалары екен. Олар келген соң Ежігелді тайды қамшыменен салды, соққан соң тай тышты, бағанағы теңгені Ежігелді алды. Бағанағы үш кісі айтты: «Е, сен тайды сат!» – деді. Ежігелді: «Сатпаймын», – дейді. «Неге сатпайсың?» – деді. Күнінде тайым теңге тышат», – деді. «Біз екі дүз сом берейік!» – деді. «Сатпаймын», – деді. «Байлық қылсаң, үш дүз теңге берсең, сатамын», – деді. Үш дүз теңге берді, тайды алды. «Мынаны қайтеміз?», – деді. Ежігелді айтты: – Үйіңе апар, – деді. – Жоңышқа, пішенге байла! Түн ортасында суғар, таң атып келе жатқанда соны бір суғар! Күн шыға келгенде үйіңнің ішіне ақ кигіз жай! Тайды алып келіп, ішіне қоя бер. Құйрығынан ұстап, қамшыменен сабасаң, үйіңнің ішін күміс теңгеге толтыра тышар, – деді.......
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер Сабақтың тақырыбы: Ғажайып фабрика 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу. Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің жасыл мүшелерінде жүретін үдеріс – фотосинтез туралы біледі ......
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер Сабақтың тақырыбы: Ғажайып фабрика 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; Сабақтың мақсаты: Оқушылар: фотосинтез үдерісі жайлы түсінік алады; өсімдіктің оттек бөлетініне көз жеткізеді.......