Еліміздің өшпес жұлдызы

Әлемнің қай түкпірін алсақ та, өзінің елін-жерін жырға қосатын, сонымен қатар тылсым табиғаттың керемет дүниелерін қызығушылықпен зерттейтін, туған жерінің пайдалы жақтарын жүзеге асыра білетін, қоршаған ортаға ненің пайдасы, зияны бар екенін ақ-қарадай ажырата білетін, өзінің кіндік қаны тамған жерін әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріне кіргізу үшін өзіндік үлесін қосатын белгілі ғалымдары болады. Міне, сол секілді еліміздің, яғни Қазақстан Республикасының гүлденуіне септігін тигізген, әлемдік саясат пен мәдениеттен хабардар болған, кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы, инженер-геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президиенті-Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Бүгінін емес, ертеңін ойлаған ғалым Алтайдан Атырауға дейінгі, Ұлытаудан Қаратау жеріне дейін, Сарыарқаның көптеген аумағын ерекше назарға алып, олардың шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасап қалдырды. Оның өлшеусіз еңбегі, төккен тері, елінің болашағы үшін бар ғұмырын сарп етуі келешек ұрпақты қалай толғандырмайды. Әрине өскелең, кемелденген жастар Қазақстан ғылымы мен мәдениетінде өзіндік орнын ойып тұрып ала білген ғалымның еңбегіне қалайша басын имейді. Мұндай зор құрметке ие болған ғалымның өткен өмірі туралы неге сыр шертпеске. Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Атақты ғалым Ш.Уалиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаны орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Мұның өзі келешек ұрпақтың өмірі бұлынғыр болмасын, қазақ тілінің құдіреттілігін басқа елге, жерге танытсын деген ойымен ұштасып жатыр емес пе?! Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған-Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазады. Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденді. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындап шығарды. Бұдан басқа, ғалым қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген. Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған......
Шығармалар
Толық