Елбасымен - болашақтың іргесін бірге қалаймыз!

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Қазақстан өз тәуелсіздігін көптеген жастардың өмірлерінің құнымен алды. Кім біледі, егер сол ызғарлы желтоқсанда жастарымыз көтеріліске шықпаса, бүгінгі күніміз не болар еді. Мүмкін тағдырымызда солай жазылған шығар, жастар өз дегеніне жетті. Мемлекетіміздің кұрылуының бірінші сатысы осылай аяқталды. Уақыт өтіп, қазақ халқы тұңғыш рет өз Елбасын қолдады. Ел тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл Жолдау Қазақстан халқының болашақтан күтетін нәтижелерін анықтаумен ерекшеленді. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы отыз үш жылдың ішінде емес, он бес жылдың ішінде орындалғанына бүгін куә болып отырмыз. Елбасы атап өткендей, Қазақстан Республикасы әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Енді Елбасы дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақстан қандай болуы керек, қандай басымдықтар жүзеге асырылуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздеп, ел алдына жоғары міндеттер қойды. ......
Шығармалар
Толық