Аязды күн...... Жүректерді жылатқан биязы күн. Қайғылы күн....... Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн. Ақшаның жетегіне ерген ата анасы, Қайғыдан қан жұтқан түн. Бәрі кетті...
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр. Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр. Демек, бүгінгі күні балабақшаларда айналамен танысу сабағын оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын тәжірибе үлескісінде еңбекті ұйымдастыру арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда. Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.....
Кіріспе Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы Ою - өрнек түрлері Ою - өрнектің мән - мағынасы Қорытынды Қолданылған әдебиеттер Ою ойғанның ойы ұшқыр Халық даналығы Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Күні бүгінге дейін ұлтпен бірге жасап келе жатқан ою - өрнектердің мән - мағынасын, түрлерін, олардың атауларын бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Міне, сондықтан жас ұрпақтың есінде жүрсін деп, мен қазақтың ою - өрнегін ғылыми жұмыс етіп алдым......
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Азия елдерінің ішінде Түркия экономикасы біршама жоғары деңгейде дамыған ел болып табылады. Оның географиялық орны, табиғатының басты ерекшеліктері, тарихи-географиялық жағдайы, шаруашылығының салалық құрылымының өзгешелігі, халықаралық маманданған қызмет көрсету салаларының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы басты даму бағыттарына сараптама жасалынды. География мен экономика ғылымдарын ұштастыра отырып, Кіші Азия түбегінің қазіргі таңда туристік-рекреациялық жағынан дамуының бағыттарын қарастыру және Қазақстандағы туризм саласын дамытуға Түркия тәжірибесін пайдалануды талдау зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды. Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дерек көздерін талдау негізінде Кіші Азияның қазіргі заманғы әлеуметтік-географиялық даму бағыттарын анықтап, аймақ дамуының тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру. Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді: • Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық жағдайына талдау жасау мен табиғи ресурстарына баға беру; ерекше қорғауға алынған ұлттық саябақтардың аймақ табиғатының тепе-теңдігін, табиғат эталонын сақтаудағы маңызын қарастыру; • Кіші Азия түбегі қалаларының әлеуметтік-географиялық даму бағыттарына сипаттама беру; аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарының халықаралық маңызын анықтау. Диплом жұмысының нысаны ретінде Кіші Азия түбегі және оның рекреациялық бағытта игерілуі алынды. Ғылыми зерттеудың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері айқындалып, қазақ тілінде жазылды. Шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Қазақстанда түрік тәжірибесін пайдалану зерделенді. Сонымен қатар даму жобалары енгізіліп, оларды саралау бойынша дамудың жаңа бағыттары ұсынылған. Диплом жұмысының қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін 7, 10, 11 сыныптардың география сабағында, жоғарғы оқу орындарында «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», «Қызмет көрсету географиясы», «Тұрғындар географиясы», «Рекреациялық география» сабақтарында қосымша дерек көзі ретінде пайдалануға болады.....
Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер - құрылыс факультетін бітіріп, 1964 - 1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980 - 1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару, өлкенің зираттық сәулет ескерткіштерін дүние жүзіне танытарлық түрлі түсті, бірнеше тілді кітап альбом шығару, өнерді дамыту және сол мақсаттарды орындау үшін «Маңғыстау мұралары» атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта «Парыз» мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл мекеме «Маңғыстау мұралары» циклдық кітаптарының алғашқылары «Маңғыстау мұралары», С. Жаңғабылұлының «Аманат» кітаптарын жарыққа шығарды. .....
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз. Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім. Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады. Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді ....
Бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп –түсіру жабдықтары. Кез келген ұңғыларды мұнай, газ айдау және т.б. пайдаланған жағдайда оларды мезгіл-мезгіл жөндеп тұру керек. Скважина ішінде өнім көтергіш құбырларды (нкт),штангілерді, терең сораптар мен басқа да құралдарды көтеріп-түсіру жұмыстарына байланысты әрекеттерді, жөндеу жұмыстары дейміз. Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай күнлелікті және күрделі жөндеу болып бөлінеді. Күнделікті жөндеуге – терең сорапты ауыстыру,көтергіш құбыр мен штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған алқаның (подвеска) түріне қарап өзгерту, скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазарту, басқа да скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру, үзілген штангілер және басқа тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау кіреді. Осы жұмыстардың барлығын мұнай және газ басқармаларында құрылған ұңғыманы жер асты жөндеу бригадалары атқарады. Ұңғыманы жер асты жөндеу бригадаларында вахта әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі оператор, оның көмекшісі, ұңғының сағасыңда жұмыс жасайды, үшіншісі тракторшы немесе маторшы – көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді. ....
КІРІСПЕ Машина жасау саласы өндірісін дамытуда , негізгі сұрақ болып Қазақстан Республикасына қатысты нарықты экономика кезеңінде бәсекелестік өнімді шығаруға жағдай туғызатын, озықты әдістерді іздестіріп табу қажет. Ғылыми-техникалық революция өнеркәсіптің барлық салаларын , бірінші жағдайда мәшине және аспап жасауды қайта қарулануға себеп туғызды. Барлық өндірістік процестерді автоматтандыру мен механизациялауды дамыту қажет. Осылардың бәрі әр түрлі механизмдерді қолдануын өсуін туғызады, осылардың ішінен тісті берілістер маңызды орын алады. Тісті жетектің жұмыс жылдамдығын көтеру және бір редуктор агрегатында үлкен күш қуаттардың негізделуі, тісті Берілістердің сапасын, олардың беріктіктігін, ұзақ уақыттылығын көне лайындау дәлдік көрсеткіш талаптарын едәуір қатаңдатады. Осы негізгі сұрақтарды шешуге ең тиімді және ұтымды металдармен қорытпаларды нығайту әдістері ретінде үлкен орын термиялық және химия-термиялық өңдеуге беріледі. Термиялық өңдеу мәшине бөлшектерін, аспаптар мен жартылай өнімдердің технологиялық процестерін дайындаудағы негізгі бөлігі болып табылады. Осының арқасында олардың қасиеттері жоғарлайды, бұл мәшине бөлшектері мен құрылғылардың массасын төмендетуге, металды едәуір үнемдеуге, бұйымдардың сенімділігі мен қолданулық беріктігін жоғарлатуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан термиялық өндеу көптеген заводтарда кең қолданыс табуда. Құрылғылық болаттарда қорытпа мен термиялық өңдеу режимін дұрыс таңдауда жеткілікті деңгейде пластикалық және тұтқырлық сппапамаларын сақтап, уақытша кедергіні 2000МПа-ға дейін және оданда жоғары мәнге жеткізуге болады. Бұл жобаның тапсырмасы, болат 20Х2Н4А маркасынан жылдық бағдарламасы 50000 дана тісті дөңгелекті жасау үшін термиялық дайындама бөлімін жобалау.....
Кіріспе. Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады. Жүйелердін біреуі физикалық, технологиялық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндеттерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады. Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. ....
Кіріспе Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Ұлттық мінез-құлық – әлеуметтік-психологиялық категория. Ол халықтың шаруашы лығы мен тұрмысының өзгешелігі, қоғамдық құрылыс пен табиғат жағдайының, мәдениет пен нанымшылдықтың, басқа халықтармен қарым-қатынас формаларынан көрінеді. Ол адамның дағды, талғам, тәртібінде, дүниетаным байланысын да, сыртқы ортаның құбылыстарын ұғыну, халық өмірінің жан-жақты алғышартының себебінен адам психологиясының сезім-әрекеті сипатында көрінеді. Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәжірбиелерін үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оның ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірбиеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру маңызды міндеттердің бірі. Міне сол міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады. Ұлттық мінез биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс, яғни, өмір жағдайымен, тарихи ортамен тығыз байланысты. Мәселен, қазақтың өткен заманындағы психологиясы мен осы кездегі мінезінде айырмашылық бар. Әсіресе, кеңес заманы салтанат құрып тұрғанда ұлттық психология көп өзгеріске ұшырады. Әрине, мұның пайдалы жақтары да, тиімсіз тұстары да кездеседі. Ұлттық сана-cезімнің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің дамуына ерекше әсер ететін көңіл-күй, эмоциялық сипаттар бейнеле неді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халқының тарихы на үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге әкеледі. Осы айтылғандарға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе, оның тәлім-тәрбие, ұлттық психологиялық асыл қазыналарын ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.....