Ең алдымен дәрет алып, Аллаһтан пайдалы нөсер, зиянсыз, қауіпсіз жаңбыр тілейміз. Бұл дұға тасаддық жасағанда оқылады. Тасаддық-садақа, қайыр деген түсінікті білдіреді. Дұғасы міне: «Аллаһумма әскйнә ғайсән муғий-сән мәриъан нәфиъан ғайра дарйн, ъажилән ғайра ъажилин».
Үйге сырт жақтан кірерде: «Бисмилләһир рахманир рахим»-ды айтсақ және сәлем беріп кірсек, шайтан босағада қалады. Көп жағдайда үйдегі ұрыс-керіс осы шайтанның азғыруымен болады.....
Қабірлерді зиярат жасау дініміздегі ең жақсы амалдардың бірі. Біз қабірстанға барғанда ең әуелі мына дұғаны оқимыз: «Әс-сәләму ъаләйкум әһләд-дйәри, минәл мумйнйинәуәл-муслймйинә уә иннә иншааллаһу бикум лә хикуунә (уә йархамул-лаһул-мустәкадй-мийнә миннә уәл-мустәхирийнә).