Ашуланғанда айтатын дұға

"Аъузу билләһи мйнәш-шәйтанир ражим"-ді қайталап айту керек. Егер онда да ашуы басылмаса, түрегеліп тұрса, отырсын. Онда да ашуы басылмаса жатсын деген.....
Дұғалар
Толық

Сәлем дұғасы

Сәлем бергеннен кейін оқылатын дұға: «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм». «Алла! Сен–сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Құдірет пен жомарт иесі, Раббым!
Дұғалар
Толық

Жыныстық қатынас дұғасы

Әрбір адам өзінің адал некелеп алған жарымен жыныс қатынас жасаудан алдын осы дұғаны оқыса, ол шайтанның азғыруынан құтылады:
«Бисмилләһи, Аллаһумма жәннибнәш-шайтанә уә жаннибиш-шайтанә ма разақтана». Және сол қосылудан кейін пайда болған балаға шайтан зиянын тигізе алмайды. Қосылған соң, бой дәретін алу керек. Яғни, ғұсыл құйынып алу шарт.....
Дұғалар
Толық

Әт-тахият дұғасы

Алғашқы және ақырғы отырыстаоқылатын «әт-тахият» дұғасы: «Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ». Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.
Дұғалар
Толық

Салауат дұғасы

«Әт-тахият» дұғасынан кейін оқылатын салауат дұғасы: «Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик ‘ала Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид». Я, Аллам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән.
Дұғалар
Толық

Құныт дұғасы

Үтір намазында оқылатын құныт дұғасы:


«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайра күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мәй иәфжурук. Аллаһумма ийәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид. Наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ»

Дұғалар
Толық

Намазда оқылатын дұғалар

Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы: «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук». Я, Алла! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак және сенің ұлылығың ....
Дұғалар
Толық

«Сәна» (мадақ) дұғасы

Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы: «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук». Я, Алла! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак және сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.
Дұғалар
Толық