Дұрыс таңдау – адами арманның биік шыңы

Өмірде кездескен қиындықтарды көре жүріп, дұрыс қабылдаған шешіміміз- ертеңгі күннің бағдаршамы. Өйткені, сенің таңдауыңа қарай өмірдің кілті ашылады. Сол кілт бізді өз ортамызға жетелейді. Олай болса, дұрыс таңдау жасау – адами арманның биік шыңы.

Шешім дегенде бәрінің ойына түсетін бірінші таңдау мамандыққа келіп тіреледі. Мамандық таңдау – маңызды іс. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ол – сенің алға қойған мақсатың. Мақсатқа жету- тек жақсы маман болу емес, сол мақсатқа жету жолындағы сенің адамдық қасиетің мен қажырлылығың. Ал, менің мақсатым – ұстаз болу. Ұстаз – таусылмайтын кен, тоқтамайтын бұлақ. Менің ұстаз болғым келетін себебі, мұғалім қоршаған ортаға, бүкіл әлемге нұр шашып тұратын жарқыраған күн секілді. «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл – Фараби атамыз айтқандай, бар әлемге өз білгенін үйретіп, қаншама жандарды тәрбиелеп, білім көзін ашқан аяулы жан – ұстаз. Мен де осылай өз еліме, соңымнан ілескендерге ұлттық қадір- қасиетіміздің өзге ұлт өкілдерінен артық тұратын ең құнды ерекшеліктерін таныта алатындай үлесімді тигізгім келеді.......
Эсселер
Толық