География | Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу

Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек – бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір – біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған “Тынық мұхит” деген ат берді.
Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.
Атлант мұхиты арқылы Батыс және Шығыс жартышарда орналасқан елдері бір – бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн бойы кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл - ең жылы мұхит. ....
Курстық жұмыстар
Толық