"Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес" Халық даналығы. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен – ақ неміс фашистерінің елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, барлық бағытта жерімізге ентелей басып кіруі – қорғаныс саласын шұғыл түрде өзгертуге мәжбүрледі. Осыған байланысты майдан шебінен мыңдаған бейбіт адамдарды, жүздеген кәсіпорындарды, мәдени және ғылыми мекемелерді тылға көшіру қажеттілігі туды. Бұл қауіпсіздік үшін әрі майданды қажетті қару – жарақпен қамтамасыз етудің ең маңызды іс – шарасы еді. Соғыс жылдары Қазақстанға эвакуацияланған адамдар саны 484149 – ға жеткенін тарихтан білеміз. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, бейбіт адамдарды қабылдап, кәсіпорындарды қайтадан құруды жедел қолға алды.Елімізде аз уақыттың ішінде тыңғылықты датынымсыз еңбектің арқасында қару – жарақ шығаратын 460 зауыттар іске қосылды. Осы өңірде соғысқа аса зәру марганец рудасын шығаратын Жезді кен орны 38 күн ішінде алғашқы өнімдерін бере бастады. Соғыс дүмпуі біздің Қарсақбай елді мекенін де шарпып өтті десе де болады.Майданға біреудің жары, біреудің әкесі аттанып жатты. Елдегі бар ауыртпалық кешегі азаматтардың орнын басқан әйелдер мен балаларға түсті. Күлтай шешеміз жалғыз ұлы Қонысбайды әскерге аттандырып, келіні Нұрбибі, немерелері Жолдасбай,Гүлжанмен қалды.Қонысбай кеткелі жарты жылдан асса да,хат - хабар жоқ.Баласынан жақсылық хабар күткен ана бес уақыт намазын қаза қылмай, жалғызының тілеуін тіледі. Почтабайдың алдынан шығады,кейде кеңсеге келінін жіберіп, екі көзі төрт болып хабар күтеді.Ухілеп, түні бойы көз ілмейтін Нұрбибіні де аяйды......
Досқара батыр (18 ғасырдың ортасы, Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы,Марқаш соры көлінің жағалауы - 19 ғасырдың 30- жылдары) - батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасының көшебе руынан шыққан. Әкесінің есімі - Байкісі. Оның «қос батыр» атанған Есқара, Досқара есімді екі ұлы да 1770-71 жылы болған соңғы қазақ-қалмақ соғыстарына қатысқан Досқара батыр сондай-ақ 18 ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Сібірде Ресей отаршылдарына қарсы күреске белсене қатысып, ерлігімен .....
Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған) — кино және театр актері, кинорежиссер. Қазақстанның халық әртісі (1995), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996,2016). Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996). 1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері. 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.....
Дос тұттым, болдым жақын, тіліңе ердім, Басқадан сырт түсінді артық көрдім. Көрініс, шырайында еш кіршік жоқ, өзің мен жүрегінді хаққа бердім. Мейлің суыққа.....
Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай – мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді. Махаббат – ұлы жалғанда ең, Теңесер оған кәне, күш! Махаббат – асыл арман мен Өртену, жану, сағыныш. Махаббат – қуға жат мекен, Құдірет оның аты....