Достық туралы мақал-мәтелдер

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.

Мақал-мәтелдер
Толық

Достық (2 сынып)

Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ. 

Эсселер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Достық

Бұрынғы өткен заманда бір жігіт аңға шығып құс салып жүрсе, бір тасқа қонып отырған бір көк құсты көреді. Кұстың қасына жақындап барса ұшпайды. «Бұл не қылған кұс» деп ұстап алып қараса, қанат, құйрығы жұлынып, жұрдай болып қалған екен.

Көк құстың мұндай ахуалда болғанына рақымы келіп, жігіт құсты үйге алып келіп, атасына көрсетіпті. Атасы құсқа қарап отырыпты да:

—Балам, бұл құсты он бес күн бақ, сонан соң тілеген жағына ұшырып жібер,—депті. Жігіт атасының, айтқанын істеп, құсты он бес күн бақты. Құсқа жаңадан қанат, құйрық шықты.

—Тілеген жағыңа ұшып кете бер,—деді жігіт.
—Басыңа қандай болса да бір қиыншылық туса, мені тауып ал, мен пәлендей жерде тұрамын,—деді көк құс.

—Жақсы, керек уақытта тауып алармын,—деп қалды жігіт.

—Қош, жігіт!—деп пыр етіп көк құс ұшып кетті. Күндерден күн өткенде жігіттің атасы да, қатыны да өлді. Малдан, бақтан айрылды. Киюге көйлек те, ішуге тамақ та таппады. Сондықтан ол баяғы көк құсты іздеуге мәжбүр болып жолға шықты.....
Ертегілер
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жұмағали Саин (Достық үні)

Жылдар талай сыйларын берген баптап,
Менде ұмытпай келемін мәңгі сақтап.
Күрес, табыс қаптаған қырық үш жылда

Мыңдар жылдың үстінен кеттім аттап.
Биыл да болды сансыз табыс мықты.
Космостық корабльдер көкке шықты....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Достық туы)

Мен білемін. Кешегі майданда өткен,
Достық туын Гитлер атқанда оқпен,
Орыс, қазақ, белорус, украин боп

Сол туға жаудың оғын жолатқан жоқ.
Бірлік, достық бекіді төккен қанмен,
Сіңді бойға адамдық ақыл, армен......
Өлеңдер
Толық

Нағыз достық Марк Твен «Батылдық» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Нағыз достық Марк Твен «Батылдық»
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді
Көпшілік оқушылар:кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін талдау жасай алады, сөйлеу барысында суреттерді қолданады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға беріп,өзінің бойындағы қасиеттерді байланыстырады............
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық