Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айту Сабақ мақсаттары: Оқушылар өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айтады.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау Сабақтың тақырыбы: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз құрамы Оқу мақсаты: 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну Сабақтың мақсаттары: 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру .....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау Сабақ тақырыбы: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын Оқу мақсаттары: 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау Сабақ мақсаттары: Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді; Тыңдалған материал бойынша алған ақпаратын мазмұндай алады; Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, қызықты ақпаратымен бөліседі......
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!» Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, астанасы, желтоқсан, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16 –шы желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек бала –дағы ең кіші. Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі......
Дайындағандар: «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешілері Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!» Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек бала –дағы ең кіші. Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? Балалар: Қазақстан. .....
Франциялық балалар психологы профессор Марсель Руфо: «Теледидар кереметтей қылмыс мектебі. Теледидар электрлік тыныштандырғыш болуы себепті, үнемі теледидар алдынан шықпайтын балаларда есірткі және тыныштандырғыш дәрі тәуелділігін жеңілдететіні анықталды. Теледидарды шамадан тым артық көретін балалардың тамақ жемей, ұйықтау қиындығы, жаман түс көру, сабақ оқуға немқұрайлық, қиялшаң өмір сүру, теледидардағы кейіпкерлерге еліктеу, тұйық болу, әлеуметтік қарым-қатынастарда сәтсіздік секілді келеңсіздіктерге тап болып жатқандығы көрінуде» дейді.
Соңғы жылдары жасалып жатқан ғылыми зерттеулер нәтижесінде теледидардың ми функцияларына зиянды әсер ететіндігі анықталуда. Бұл зерттеулерден шығарылған нәтиже миымыз үшін теледидар көрумен, дуалға қарап отырудың айтарлықтай айырмашылығы болмауында. Бұл нәтиже бір қарағанда қисынға сай келмейтіндей көрінеді, алайда теледидар алдында миымыз автопилот режиміне еніп кетеді екен. Мұны бір тұтам азықты шайнамастан жұтып жібергенмен тең десе болады. Едәуір мөлшердегі ақпараттар талқыланбай, өңделмей миға тола береді. Бір сценарийге, шытырман оқиғаға ден қойылса да нәтиже осындай. Ми теледидар көре бастағаннан 60 секундтан кейін белсенділігін жоғалтады. Теледидардың бұл қасиеті ең көп жарнамашылар тарапынан қолданылуда. Жарнама көрсетіліміндегі ескертулер тез өзгеретіні соншалық, миымыз бұл жылдам өзгерісті ұстап қалу үшін бүкіл зейінін экранға бағыттайды. Ми гипнозға түскендей белсенділігін жоғалтып, жарнамасы жасалған өнімге талап қалыптастырылған болады. .....
Топ – топ. Қаз-қаз басқан екі аяқ – тас жолмен ілгері жүріп бара жатып – қалт тоқтады. Әдетте шалқасынан ашық үлкен жарма қақпа бүгін тиегінен байланып жабық тұр. Ол кідіріп, дағдарып қалды. Топ, екінші аяғын көтерді, топ. Сосын, қапылыс топылдап қайта жүріп бара жатты. Бәтеңкенің жерге тиген дыбысы құмығып шығады. Топ. Жөпелдемеде топатайды қағып, сүрініп кетті, алдына тізерлей құлады. Әдемі топы ақырын сырғып, басынан сыпырылып түсті.
Жерден созалаңдап тұрып, еңселі дуалға түсінбей көз салды. Қарсы алды тегіс бояма, әсем сырланған биік тақтайлар. Белдік темір бекітіп тастаған – зілдей, тастай берік дарбаза. Тыстан әредік жайдарман топырлап өтіп бара жатқан топ-топ балалардың ертеңгі ауа райын топшылаған майда, жарқын дауыстары естіледі. Көне топографияны, қадім заманды әңгіме қылады. Ертедегі уақыт, өткен дәуірде – жаһанда тынымсыз күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Дауылдап, борап жауған бұршақ толастамайды, ғаламды жаңғырыққан күшті дабыс көміп кетеді, тұс-тұстан әлемдік тасқын құйылып, топан су кең байтақ жазық өңір қыр далаға аңдыздап қаптап, дүниежүзін сел басқан деседі. Жайма-шуақ күлкі, шат үндер бірсін-бірсін алыстап, жойылып барады. Ол іркіліп, айналасына зер аударып, абайлап төңірегін шолды.
Қымбат тастармен кестелеп шимайлаған топы Close-Up мөлшерінде ірілене көрінді. Red One жүзін сипай жылжып киіміне тоқтады да, ескі бәтеңкесіне ауысты, сосын шұғыл тайқып, шегініп кетті. Кадрда дала келбеті ашылды, мөлдіреп жалпы кескін шықты. Әлсіз үн, көмескі сыбдыр, күңгірт дыбыс тегіс жаңғырып анық жазылады.
Алматы тұрғыны Дидар Марданов әлеуметтік желілердің бірінен ҰБТ сұрақтарының дұрыс жауаптарын сататын парақшаны жолықтырған. Олар түлектерге жоғары бал жинауға көмектесетін көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.