Педагогика | Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу

Оқу процесіндегі дидактиканың мәні. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып-үйренуді ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған оқушылар іс-әрекетін танытады.
Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару: 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактикада аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу: қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқу қажет деген мәселелерді қарқыңды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқы үйрену, оқу білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдісте құрал-жабдықтары, нәтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе және оның технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарі зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелдіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің оры дамуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формаларымен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау). ....
Курстық жұмыстар
Толық