КІРІСПЕ Ақылы шарттардың көбiсi бойынша затты бергенi, жұмысты атқарғаны, қызмет көрсеткенi ушiн жауап ретiнде екiншi тараптың ақша төлеу жөнiндегi мiндетi туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу ушiн жеке, заңды тұлғалармен берiлетiн ақша қаражаттарын ауыстырумен айналы-сатын банктер, арнайы коммерциялық ұйымдар арқылы жузеге асырылады, кейбiр жағдайларда несиелеумен тiкелей банктер айналысады. Осы кезде бiрқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы турде екi топќа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелiк құқықтық қатынастар. Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мулiктi жалға алу, мердiгерлiк, комиссия және т.б. шарттардан туындайтын басқа да ақша мiндеттемелерiн жузеге асыру сияқты, екiншiден бiрiншiсiнсiз жузеге асыру тәжiрибе жузiнде техникалық жағынан мүмкiн емес болады. ....
КІРІСПЕ Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану - әрбір жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады. Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін "өмірдің өзінен ойып алған" Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды. Тақырыптың өзектілігі Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын алатын орны ерекше. "Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер" деген тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема. Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі. Зерттеу деңгейі Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге өзіндік үлес қосқан зерттеушілеріміздің ең алдыңғысы деп Мұхтар Әуезовты айтуымызға болады. Ол сонау 50-жылдардың өзінде "Манас" жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы бізге мол мирас қалдырған. Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Зерттеушінің стилистикаға байланысты жазған ғылыми еңбектерінен жазушының сөз қолданысы, стиліне байланысты құнды пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды көре аламыз. Осындай ірі тұлғалардың ірі пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері Қазіргі қазақ әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің қызметін көрсету. Ол мақсатқа орай мынадай міндеттерді қойдық: Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орнын, маңыздылығын зерттеу; Бейәдеби элементердің көркем шығармада қолдану мақсатын айқындау; Көркем шығармадағы бейәдеби элементтерді маңыздылығын мысалдар арқылы дәлелдеу. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Осы көрсетілген міндеттерден де аңғарылуы тиіс, дегенмен нақтырақ айтсақ: Қазақ көркем әдебиеті тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орны, мүмкіндіктері лингвистикалық стилистика тұрғысынан көрсетілді; Көркем шығармадағы бейәдеби элементтер нақты материалдар (мысалдар) арқылы талданды; Дөрекі сөз, орыс тілі элементтері, қарғыс, одағай сөздер осы жұмыста кеңінен баса көрсетілді; Аталған бейәдеби элементтердің образ жасауға қатысы нақты мысалдармен көрсетілді. Зерттеу жұмысының көмегімен көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі барынша дәлелденді. Зерттеудің әдістері Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы Жұмыс зерттеушіні көркем сөз сырына, сөздердің не сөз оралымдарының қолданылу заңдылықтарына қанықтыра түсуде, бейәдеби элементтердің көркем шығармадағы орнын, қызметін, мүмкіндіктерін көрсететін лингвистикалық тұрғыдан талдауда септігін тигізетін танымдар мен талдаулар. Зерттеу жұмысының құрылымы Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетіні белгілі. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырылады. Шығарма тілін талдау әдеби шығарманың көркемдік әрі эстетикалық қасиетін танып-білуге көмектеседі, кейіпкерлер тілінің өзіндік болмысын анықтауға мүмкіндік туғызады және стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. Көркем әдебиет тілін зерттеу түркологияда өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қолға алынды. Соның өзінде жекелеген жазушылардың немесе олардың белгілі бір шығармаларының тілін талдау түрінде қалыптасты. Мұндай зерттеулер әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек тағы басқа түркі тіл білімдерінде пайда бола бастады. Оларда ұлттық әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан ақын, жазушылар тілінің сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы, бейнелеу құралдары жан-жақты талдау нысаны болды. Түркологияда осы аралықта көркем әдебиет тілі мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан да қарастырған еңбектер жарық көрді. Және проза тіліне қарағанда, өлең тілі анағұрлым терең де жан-жақты зерттелді (24; 25; 26). Сонымен бірге түркологияда көркем әдебиет тілін әдеби тіл дамуының тарихы тұрғысынан қарап шешу жағы басым болып, ал көркем шығарма тілін өнер тілі тұрғысынан талдап зерттеу жағы кешеуілдеңкіреп қала берді. Көркем әдебиет тілін зерттеудің қазақ тіл біліміндегі жалпы, қазақ филологиясындағы жайына келетін болсақ, оның біршама қалыптасқан тарихы, жасалған үлгісі, жинақталған тәжірибе.....
Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар.
Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.......
Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны ана бөлмедегі шылымға жұмсап көріңіз.
Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз қиқаңдап, тәлпіштеніп бармай жатса, онда мұндай баланы жазалау керек. Өйткені ол ертең бастықпен жұмыс істейтін жігіт болады. Ал ешқандай бастық сіздің ұлыңыздың мұндай қиқаң-сиқаң мінезін көтере бермейді. Сондықтан оған осы бастан сабақ бола берсін.
Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барып шылымыңызды әкеп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Ертең ол бастығы жұмсағанда да осылай дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап жүретін жақсы жігіт болып өседі. .....
Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын жеңілдеу мақсатында көпшілігіміз көк жәшіктің көріне қамалып қалатынымыз бар.Түрлі қызықты бағдарламалар мен телесериалдарды көргенде уақыттың қалай зымырап өткенін де аңғармай қаласың.Құдды есірткіге тәуелді адам құсап,теледидарға қалай тәуелді болып қалғанымызды өзімізде білмей жатамыз.Иә,қызығы қызық шығар.Әйтсе де,теледидар жаңалықтың жаршысы екендігін естен шығармағандығымыз абзал.Дүкеннен өзімізге керек затты алған секілді,көк жәшіктің тек пайдалы жағын ғана алуымыз қажет.Әйтпесе,қайдағы жоқ жарнамалар мен пайдасынан зияны көп бағдарламалар зығырданыңды қайнатады.Бүгінде теледидар бүкіл әлемнің,бүкіл адамзаттың күнделікті бір бөлігіне айналды.Кішкентай балақайлардан,еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып,тамашалайды.Әрбір үйдің төрінен ойып тұрып орын алатын көгілдір экранның бейнесі жарқ-жұрқ еткен сәулелерімен дүйім жұртты қызықтырары анық.Бірақ,сол қызыққа (құмар ойынға құмартқан ағаларымыз секілді) әйтеуір алып-ұшып құмартамызда тұрамыз.Ол не пәлекет десеңші!?
Қыз баланың тәрбиесі-халықтың қымбат байлығы. Иә, қыздың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі деген тағы бар.Өткенге көз жүгіртсек,қыз баласы қашан да инабаттылығымен,әдептілігімен,өзіндік ұяңдығымен дараланған.Жалпақ тілмен айтқанда,тал бойында бір мін жоқ,кіршіксіз таза жандар.Үлбіреген үкісі,сәнді сәукелесі,өрілген қос бұрымы,сыңғырлаған шолпысы,тобықтан төмен түскен қарапайым көйлегі қандай десеңші!!!Иә, көрсең көз тоймайтын ерекше тылсым күштің иелері бұлар!Бірақ,қазіргі қыздарға қарасаң бұрынғының иісі де сезілмейді.Құндылығын жойған қазақ қызын көргенде бармақ тістеп,іштей күйінесің.Заман өзгерді екен деп,өткенді ұмыту үлкен қылмыс.Ұрпағымыздың ұсақталғаны осы шығар сірә!Кезіндегі сүбелі сөздерін сүйегіне қондырып,әуезді әнімен әлдилене білген жандардың,бүгінгі заманының қырат-қырат белестерінен тұжырым түйістіре алмайтын жастарымыз.Жібі түзу,басынан сөз асырмайтын,сөйлеген сөзі мірдің оғындай,өрісі кең батыр аналарымыздың қу сирақ,сөзі түйеден түскендей,тас жүрек ұрпағымыз.Алтын қолымен игі жақсы іс қылатын жандардың,өз қолын өздері жаман іске апаратын әпербақандарымыз.Табиғи сұлулығымен дараланған қыздардың,өз жүздерін өздері солдырып,бетіне 5 тонна далабын жағатын сылқымдарымыз.Күндіз-түні ас үйден шықпайтын ханшайымдардың,күндіз қыдырудан қолы тимей,түнде түнгі клубтың төрінен табылатын жарғанаттарымыз.Әркез жаулығымен оранып,шашын ердің көзіне түсірмейтін ардақтыларымыздың,орамалды жұма мен оразада әрең тағатын имансыздарымыз.Қос бұрымын құлпыртып өретін аруларымыздың,шашын жаймаса жүре алмайтын ауруларымыз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,кезіндегі қазақ қыздарының тырнағына да татымайтын,ұлы дана халқымыздың ұсақталып бара жатқан бөлшегі сындымыз......
Ақсу ауылында Қасболат деген ағай бар, өзі зейнеткер. Ешбір жанға зияны жоқ, момын адам. Ешқашан дауысын көтеріп сөйлемейтін кісі. Әйелі Мағрипадан бір мүшелдей үлкендігі бар. Жиен болған соң бірде: - Қасеке, осы сіздің жеңгеймен танысқаныңызды құрдастарыңыз қызық қып айтуда. Сол жайлы өз аузыңыздан естісем деп едім? - деп қолқаладым. - Жиен-жан, білгің келсе айтайын. Менің де басымнан өткен оқиға біреуге.....
Елге "заманауи жырау" ретінде танымал белгілі рэпер Жан Ахмадиев кезекті шулы клипін жария етті. "Темір қатын" деп аталатын бұл жаңа туынды отбасын бұзған әйелдерге арналып жазылған деп хабарлайды NUR.KZ.
Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып.......
Мұндай математика әр балаға ұнайды. Алдын ала бірнеше дөңгелек пен қанша дөңгелек салынғаны жазылған парақ дайындап қойыңыз. Кәмпиттерді балаға ұнайтын кез келген тағаммен.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер