Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған,
бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен , сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман , ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет!......
Шығармалар
Толық

Мінезімді түзеймін десеңіз

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Жүйкеңіз жұқармасын десеңіз

Жүйке жүйесінің шаршауы бүкіл ағзаға зиянын тигізеді. Осының салдарынан болатын күйзеліс, невроз сындылар адамды жазылмайтын ауруға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан да дер кезінде шара қолдануымыз қажет. Ол үшін жүйкені тыныштандыратын төменде көрсетілген тағамдарды көбірек пайдаланғанымыз абзал
Құрамында В1 дәрумені бар азық-түліктер: қарақұмық немесе сұлы ботқасы, қара нан
Шамадан тыс көп кітап оқығанда миымыз шаршайтындықтан В2 дәрумені қажет: сарыөрік, жұмыртқа, сыра ашытқысы, саумалдық.......
Кеңестер
Толық

Жидек десертін жасап үйренейік

Панна котта – кілегейден жасалатын танымал итальян десерті. Оны әдетте жеміс-жидек пен тәтті соуспен бірге қонақарға ұсынады. Панна котта итальян тілінен аударғанда қайнаған кілегей деген мағына береді.

Оны дайындау үшін:

- 1/3 стақан майлылығы 10 пайыз болатын кілегей;
- 1 ас қасық желатин;
- 2 стақан сүт;
- 100 гр қант үгіндісі керек болады......
Кеңестер
Толық

Балаңыз көркем сөйлеп шешен болсын десеңіз

✅ Баласының көркем сөйлеуін, шешен болуын қаламайтын ата-ана бар ма екен? Ғалымдардың пікірінше, бір жасқа толған нәрестенің тілдік қорында 7-10 сөз ғана болады. Екі жасқа толғанда сөз қоры 100-ден 200-ге дейін артады. Үш жаста бала 1,5-2 мыңнан аса сөз меңгереді. Төрт жасында 2-3 мың сөзді іркілмей сөйлеуі қажет. Бес жасқа аяқ басқанда, бала тілі ширап, қысқа ертегілерді, әңгімелерді баяндай алатын болуы керек. Сәби осы жаста анық сөйлей алмаса бұл оның сөйлеу қабілетінің кенжелеп қалғандығынан хабар береді.

✅ Зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің тілінде ақау бар екені анықталса, мамандар бақылауындағы бір топ оқушының 20%-ы мәнерлеп сөйлей алмаған. Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі келтіреді. Әдетте, бүлдіршіндер арасында «р» және «л» дыбыстарын айта алмайтындары көбірек кездеседі. Дер кезінде қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын. Осы кезде балаға жаңылтпаш көп көмектеседі. Отбасында балаңызбен бірге отырып, 10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықсаңыз жетіп жатыр.......
Кеңестер
Толық

Шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт

Алоэ маскасы
1 ас қасық алоэ шырыны, 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық лимон шырынын араластырып, сарымсақтың 1 тілімін ұсақтап кесіп, қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, шаш жууға жарты сағат қалғанда жағыңыз. Душқа арналған бас киім не пакет киіп алып, сыртынан сүлгімен орап тастаңыз. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз. Нәтижесіне жету үшін алоэ маскасын ең болмағанда екі аптада бір рет жасап тұрған жөн.

Жұмыртқа маскасы
1 саруызды 1 шай қасық арақ пен 1 шай қасық салқын сумен араластырыңыз. Шашты жуған соң масканы жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына бір рет қайталап тұру керек.......
Кеңестер
Толық

Масадан қорғанамын десеңіз, мыналарды сынап көріңіз

1.Маса қышықыл иске жоламайтындықтан, жаңа лимонды сығып, шырынын маса көп кіретін жерлерге

Тамызып қойсаңыз, немесе жұқалап кесіп алған соң шырынын терезе ернеулеріне жағып қойыңыз.
2.Сарымсақты ұсақтап тұрап алып, бөлмелердің терезесіне шашып қойсаңыз.
3.Витамиын B мен витамиын C ды ылайықты мөлшердегі сумен Ертіп, денеңізге жағып алыңыз.
4.Маса шағып алған жеріңізге азырақ тұз суын немесе тыс пастасын жағып қойсаңыз қышыған......
Кеңестер
Толық

Денің сау болсын десең

1) Жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысу керек.

2) Әр көкөніс пен жеміс-жидектерді өз мезгілінде жеу керек. Басқа мезгілде жеуден сақ болған жөн.

3) Күнде айран және біраз бал жеу керек.

4) Жалбыз (мята), жебіршөп (тимьян), зығыр дәндері, содана.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде кездесетін қиындық түрлері және оны шешу жолдары

КІРІСПЕ
Еліміздің болашағы болып саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігінің керек ететіні белгілі.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына білім беру парадигмасын өзгерту; оқыту, тәрбиелеу және білім беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайту жұмыстарымен қатар, оқушылардың әлеументтенуі және олардың денсаулығын сақтау міндеттері де кіреді [26]. ....
Курстық жұмыстар
Толық