Информатика | Дербес компьтердің шығу тарихы

Ғылыми - техникалық прогресс әртүрлі есептеу машиналарын құруға себеп болды. Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, макро-ЭЕМ-дерге және дербес комьпютерлерге (ДК) бөлінеді.
Үлкен ЭЕМ - дер – бұл өте қуатты компьютерлер, олар
ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ - дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ - дер қызмет көрсетуі мен құрал - жабдықтарының құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.
Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет.
Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, програмалық қамтамассыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Микро ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборатория да жеткілікті.
Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайданушылар деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білу қажет емес. Кәдімгі ДК көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90 - жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділігі жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер саны әрекетінің барлық салаларына қолданылады.
Есептеуіш машина түрлерінің көптігінен қарамастан, олардың ең маңызды сипаттамалары:
• Машина уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының орташа мөлшерімен өлшенетін шапшандығы – MIPS;
• ЭЕМ операция орындайтын сандардың берілу түрі мен разрядтылығы;
• Жадтайтын (еске сақтайтын) құрылғылардың сыйымдылығы мен шапшаңдығы
Осы параметрлер бойынша есептеуіш машиналарды төмендегідей бөлуге болады.
Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимді жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым қарапайым құжаттардан бастап, баспа беттеуіне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.....
Рефераттар
Толық