Медицина | Денсаулық ұғымының анықтамасы

Қалыпты толыққанды өмірге тек жақсы денсаулықпен қол жеткізуге болады. Денсаулық -адам өміріндегі ең басты құндылық. Денсаулық адамға қуатты сақтауға, қозғалыс жасауға және жоғары сергектікпен өмір сүруге мүмкіндік береді.
Денсаулықтың күйі көптеген биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты болады. Егер адам органнзміндегі барлық физиологиялық процестер (тамақтану, тыныс алу, зат алмасу және т.б. қалыпты жүрсе, онда адамның денсаулығы жақсы болады. Денсаулығы дұрыс адамның организмінде барлық компоненттер үйлесімді әсер етеді. Бұлар - денсаулықтың физикалық (организм — тірі ағза ретінде), психикалық (адам - әлеуметтік тұлға ретінде), адамгершілік (адам - қоғамның өкілі ретінде) компоненттері.
Денсаулыққа әсер ететін факторлардың ішінде ең жетекші орынды физикалық рухани және әлеуметтік факторлар алады. Дүниежүзілік денсуалық сақтау ұйымының зерттеулеріне қарағанда адам денсаулығының 50-55%-ы өмір сүру салтына, яғнн адамның өз денсаулығына қалай қарайтындығына байланысты, Бұл - салауатты өмір салтының шарты. Адамдарды салауатты өмір сүруге үйрету - күрделі процесс. Барлығы да бұл істің өте маңызды екенін біле тұрса да, оны ұстанбайды.
Қоршаған ортаның организмге әсеріне де үлкен көңіл бөлінеді. Ауаның және судың ластануы организмде әртүрлі аурулардың пайда болуына себепкер болады. Адам денсаулығының 17-20%-ы экологиялық факторларға байланысты, яғни қоршаған орта әсеріне тәуелді болады. Мысалы, қоршаған ортаның ластануының организмге әсерінің нәтижесінде организмнің улануы (интоксикация) мүмкін.
Денсаулық деген не?
Үлкен медициналық энциклопедиядағы анықтама бойынша: денсаулық - адам организмінің оарлық мүшелері мен жүйелері қызметінің қоршаған ортамен теңестірілуі және қандай да бір ауытқудың болмауы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "денсаулық - тек аурудың немесе физикалық кемістіктің болмауы ғана емес, ол адамның толық физикаллық, психикалық және әлеуметтік саулық күйің. Берілген анықтамалардан (толық тізімі емес) денсаулық түсінігі организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделу сапасын және адам мен тіршілік ортасының өзара әсерін айқындайтынын көреміз. Денсаулық сыртқы (биологиялық және әлеуметтік) және ішкі (тұқым қуалаушылық жынысы, жасы) факторлардың өзара әсерлесуі нәтижесінде қалыптасады....
Рефераттар
Толық