Дене шынықтыру | Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларының теориялық және практикалық процесі
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда мамандандырылған дене мәдениеті жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене мәдениеті жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді. Дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене мәдениеті жүйесі жалпы халықтық кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене мәдениетіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға ықпал жасады ....
Дипломдық жұмыстар