Гүлжан Сәрсенбаева Искендірқызы
Сәрсенбаева Гүлжан Искендірқызы – кардиохирург, ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиология кафедрасының меңгерушісі.
Мен ота кезінде және отадан кейін жүректің патологиясын көруге көмектесетін жүрек ақауларын ультрадыбыстық диагностикалауға ие жүрек хирургтарының бірімін. Бұл – болашақта монография жазуда білімімді қалыптастыруға көмектесетін зор тәжірибе.
Қазіргі таңда педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Біздің орталықтың мамандары мен республиканың балалар дәрігерлері күн сайын балалар арасында ауру және өлімнің көрсеткіші жақсарғанын еңбегімізбен көрсетіп келеміз.
Педиатрия бойынша республикалық жетекші клиникаға мен 17 жыл бұрын жас дәрігер болып келдім. Осы клиникада тәжірибелі дәрігер, ғылыми қызметкер болып қалыптастым. Менің барлық жетістіктерім балалардың денсаулығына бағытталған.
Жастайымыздан ата-анамыз бізді кітап оқуға үйретті. Біздің үйде кітаптар өте көп болды. Менің сүйікті кітабым, үлкен энциклопедия болатын. Сол арқылы көптеген терминдермен таныстым. Мектеп қабырғасында С.Беляевтың «Голова профессора Доуля» және Л.Толстойдың «Гиперболоид инженера Гарина» атты кітаптарын оқуым дәрігер мамандығын таңдауыма себеп болды. Маған сол кітаптарда жазылған технологиялар қызықты болатын. Мен сол кезде қиял-ғажайып санаған технологиялар қазіргі уақытта енгізіліп жатыр....

Өмірбаяндар (биография)