Өмір жайлы бір үзік сыр

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр.

Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Мен үшін өмірдің мәні - осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта.Бір күндік өмірдің мәні болмайды.Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын.Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын.Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.

Кей кездері біреулерді өсектеп, я болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз.Оның шын не өтірік екенін саралап бас ауыртпаймыз.Ал өзге емес, өзімізге бір рет болса да сыни көзбен қарасақ, өмір анағұрлым мәнді де мағыналы болар ма еді деп ойлаймын.

Өмір – сырға толы қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді.Өмір – ғажап, өмір – тәтті! Өмір сұлулық пен үйлесімділікті талап етеді, адам мен адамгершілікті қалайды.Бірақ біз осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажайып өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.Айналадағы адамдарға қарасақ, бәрінің өз өмірі, тірлігі бар.Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады.Кейбір адамдар осының бәрін біле тұра, Алланың сынағына шыдамай, «Мен шаршадым, өмір сүргім келмейді» дейді.Қандай жағдай болмасын ақыл-ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен,сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады.Міне, өмірдің өзі біле білсек, сонысымен қымбат.Өмірде бәрі өткінші.......
Эсселер
Толық

Бір үзік сыр

Демім ішіме сыймай, жүгіріп, табалдырықтан аттаған бойы үйдің тыныштығына көзім жетті. Сықырлап басқан әрбір қадамым күнде көретін, қабырғада ілініп тұрған, көздерінде терең мағына жатқан, әкемнің көздерінен аумайтын суретке бүгін де көзім түсіп, қасына еріксіз жақындадым. Атам болатын. Мойнына асылып, иіскеп-иіскеп сүйіп, арқасына жүгіріп барып құшақтап, дауысын өз аузынан естімесем де, оны қатты жақсы көретінмін. Бір-ақ сурет. Мауқымды басатын. Әкем мен анамнан естіген ең әдемі, керемет сөз - «атаңа ұқсайсың» деген сөз. Әкеме келіп: «Атам қайда? Неге ол бізбен бірге емес? Неге мен атамды көрген емеспін?» деген мыңдаған сұрақтарыма естіген жауабым «Ол да сені жақсы көреді. Атаң өте алыста» деген бір ауыз сөз болатын. Мүмкін мені аузынан сүті кетпеген сәби көрді ме, әлде кішкентай кеудемдегі үп-үлкен жүрегімді жаралағысы келген жоқ па, әйтеуір сөздері ащы емес еді. Бірақ сөздері алдаса да, көз алдамайды ғой. Сұрақтарыма жауап тым кеш, қолыма жырым-жырым, беттері санаулы ғана, сарғайып, тозып кеткен, құдды бір отқа кіріп шыққандай дәптер мен бір уыс хаттарды ұстаған кезде айтылды.
Жасым отыздың жартысына келгенде ғана әкем менімен ересек адамдарша сөйлесе бастады. Жүрегім қас айырылғандай болды. Дәптерді құшақтаған күйі бөлмеме жүгіріп келіп, үстелдің астына кіріп, беттерді сабырсыздана ақтара бастадым. Атамның иісі. Бауырыма басып, қатты-қатты құшақтап алдым......
Шығармалар
Толық