Тарих | БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Рссейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне карағанда карама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс

Жаңа индустриалдық кезең. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы онжылдық – Еуропа мемлекеттері мен Америка елдері үшін әлеуметтік – экономикалық және саяси – қоғамдық өзгерістерге толы кезең болды.
Өнеркәсіп – экономиканың жетекші саласына айналды. Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіп жедел дамып, көмір,темір,түсті металл ,мұнай және мұнай өнімдерін өндіру мейлінше артты. Өнеркәсіптің дамуы көлік саласының рөлін арттырып, ірі темір жол магистральдарын және тас жол салу ісі жалғасын тапты. Көліктік техника мен жаңадан салынған жолдар капиталистік индустрияландырудың құрамды бөлігіне айналды. Өнеркәсіп орындарында өнім сапасын арттыру мақсатымен жаңа технологиялар енгізіле бастады.
Жаңа технология мен техника , қоғам дамуының дем беруші күшіне айналды. ХХ ғасырдың басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері жаңа технологияны пайдалануда алдыңғы қатарға көтерілді. Шветция ,Италия, Ресей, Австро-Венгрия, Канада, Жапония мемлекеттері индустрияландыруды жеделдету жолына түсті.
Ал Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген елдерінде индутрияландыру тіптен басталған жоқ болатын.
Еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы. Еуропа елдерінің мемлекеттік және қоғамдық құрылысында маңызды өзгерістер болды. Батыс Еуропа елдерінде басқарудың екі негізгі формасы - монархия және республика қалыптасты.
Монархия басқару формасы ретінде, мемлекет басында монархтың тұруымен сипатталды. Ол қайсыбір биліктен, органнан немесе саилаушылардан тәуелсіз билікті қолына алды. Монарх – мұрагер мемлекет басшысы болып табылды. Ол өзінің бұл қызметін өмір бойы атқарады, тек өмірден өтерінде ғана оны мұрагерінің қолына өткізеді. Тарихта монархияның екі негізгі түрі – абсолюттік және конститутциялық формалары белгілі.
Абсолюттік монархия – монарх билігінің , оның құзырының шексіздігін білдіреді. Биліктің мұндай түрі Ресейде,Австро-Венгрия мен Германияда болды.
Конституциялық монархияның айырмашылығы сол,мұнда мемлекет билеушісінің:монарх,король,император,хан,сұлтан билігі шектеулі.Мемлекеттегі жоғарғы билік мұндай жағдайда екі субьектіге тиесілі болады-монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (парламентке, кеңеске). ХХ ғасырдың басында парламенттік монархия Ұлыбританияда, Норвегияда, Шведцияда, Бельгияда, Нидерландыда орнықты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халық

Кіріспе
Дүние жүзін қайта бөліске салу жолында «Үштік одақ » пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан туындаған соғыс.ХІХ ғ. аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшін бәсеке күшейе түсті. 1879 ж. Германия австрия-Венгриямен соғыс одағын жасасты,бұған 1882 жылы Италия қосылып, «Үштік одақ» құрылды. Алайда, 1914жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейін өзінің бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. «Үштік одаққа» Осман империясы мен Балгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция мен Ресейдің коалициясы – Антанта құрылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румынья, Португалия, АҚШ, Грекия Қытай мен Латын Америкасының бірқатар елдері Антанта елдерімен одақтасты. 1914 ж. 15маусымда Сараевода серб ұлтшылдары Австрия-Венгрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинандты өлтірді.Бұл оқиға халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп.....
Рефераттар
Толық