Музыка | Сыныптан тыс музыкалық білім беру

Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жџгі мол. Әрине, бұл жолда оқу–тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа оқу тәрбие бағдарламалары, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дџниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мџғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізга аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сџйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс тџсініп, қабылдауға жәрдемдеседі. Музыкалық білім беру мәселесінің танымдық тџрі – сыныптан тыс тәрбие жұмыстары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21].
Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122].
Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері.
Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету.
Зерттеу міндеті:
- тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
- тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының
шешім табуы;
Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.

Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі

1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі
Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған мектеп «корпусы» - жыпырайған шым үй. «Педколлективті» құрайтын бір-ақ адам, - ол 1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура келеді. Қосуақтамда тағы бір «оқу орны» болатын. Ол – бір кластық орыс мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады.
1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы «Хұсайния» медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес, «дүнияуи» пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны мәлім. Осындай медресе «Хұсайнияда» Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды. Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды, медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | 9 сынып оқушыларының стилистикадан білім және білік дағдысын қалыптастыру

КІРІСПЕ
Стилистика - тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, тәжірибелікте маңызы зор. Курстың мақсаты - студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Тіл жөніндегі жаңа саясат елімізде қазақ тілін оқып үйренуді іс-жүзінде жүзеге асыруды жетілдіре түсуге толық мүмкіндік жасап отыр. Осымен байланысты мектептер қазақ тілінін оқытып үйретудің заман талаптарына сай әдістемесін жасау міндеттері шешімін күтуде.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне көбіне мәтіннің стильдік бірыңғайлығын сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана білмеу, синонимдік қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе штампқа құрылуы, шығарманы жалаң лепірме потетикаға құрып жазу сияқты т.б. қателер тән болып келеді.
Мұндай қателер тілдік құралдардың стилистикалық реңктерін білмеуден туады.
Сондықтан оқушыларды стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті тәрбиелеудің қажеттігі зор.
Тілдік пән ретіндегі стилистиканың пәні, міндеттері, сипаты көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби тілдің стильдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары, синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер туындап отырады.
Ал оның түрлерін анықтауда ғалымдар арасында онша көп алшақтықтары жоқ. В.В. Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байланысты, бірақ өзіндік мәселелері, өзінің міндеттері, өлшемдері мен категориялары бар 3 түрін бөліп көрсетеді. Олар: 1. «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы немесе құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стилдерін зерттейді;
2. сөйлеу стилистикасы, ол ауызша және жазбаша сөздің қоғамдық шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы мағыналық және экспрессивтік — стилистикалық сипаттағы айырмашылықтарды зерттейді. (мысалы, лекция, пікірталас, баяндама, әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құлтықтау, хат т.б.);
3. көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, жазушының стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді. [1, 20].
М.Н. Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе аспектісін көрсетеді:
1. Тілдің стилистикалық байлығын зерттейтін бағыт, бұл сипаттама стилистикаға жатады. Өйткені ол тілдегі барлық бояулы құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құрылымдардың бейнелеуіш қасиеттерін мағыналық - функционалдық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір нысанына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады.
2. Функционалды стилистика. Ол функционалды стильдерді зерттейді.
3. Көркем әдебиет стилдері туралы ғылым.
4. Практикалық стилистика. [2]. Осыған байланысты В.В. Виноградов:
«Тілдік құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, сөз таптарындағы, синтаксистік құрылымдардағы синонимдік эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі болып табылады», -дейді. [3].
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Диплом жұмысының зерттеу пәні.
Қазақ тіл пәнінің оқыту үрдісі.
Диплом жұмысының мақсаты:
9-сынып оқушыларына стилистикадан білім, білік, дағдысын қалыптастыру әдістемесі.
Диплом жұмысының міндеті:
-Стилистика және стиль ұғымын анықтау;
-Стилистика бойынша ғылыми еңбектерді талдау;
-Әдеби тіл стильдерінің ғылыми негіздерін сипаттау;
-9 сыныпта стилистиканы оқытудың әдістемесін ұсыну.
Диплом жұмысының ғылыми – теориялық маңыздылығы:
Диплом жұмысы лингвистиканың бір бөлігі стилистикаға арналған. Тіліміздегі әдеби тіл стильдерінің тілдік ерекшеліктерін көрсеткен. 9-сыныпта стилистикадан білім, білік дағды беру әдістемесін сипаттаған.
Диплом жұмысының практикалық және теориялық негіздері:
Тіл туралы заңдар, сөйлеу әрекетінің қағидары, қатысымдық іс-әрекет, жалпы орта білім беру стандарты.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Білім күні

Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде-бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!
Тақпақтар
Толық

12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдары

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қа¬ғи¬дасы. Оның бастау бұлағы, алтын тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйе¬сінде жасалып жатқан рефор¬малар атап айту¬ға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойла¬сып пішер тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Мектебінің өткенін де ұлықтап,
Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің іргетасы орта мектеп ретінде 1947 жылдан бастап қаланған. Мектепті 1947-1949 жылдар аралығында Мүлкібаев басқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет, 1953-1959 жылдар аралығында Бәкешов Қожабай, 1959-1965 жылдар аралығында Қожабаев Молдабай, 1966-1968 жылдар аралығында Қартбаев Аяп, 1968-1976 жылдар аралығында Нағашыбаев Іскендір, 1976-1985 жылдар аралығында Есетов Амангелді мектеп басшылары болды. 1985 жылдан бастап осы кезеңге дейін мектепке Темірбаев Алмас басшылық жасайды.

Мектеп тарихында мектепті әр кезеңде 7 түлегі алтын медальға бітіріп шыққан. Қарамолдаев Алпысбай, Нұрмағамбетова Света, Қошқарбаев Айнұр, Дәленов Бекболат, Нұржігітов Абдулла, Алмағамбетова Балапан, Бекжанов Дархан.

Мектепті әр кезеңде 4 түлегі күміс медальға бітіріп шыққан. Дәулеткерімов Әби, Жаманбаев Алмас, Бекжанова Айгүл, Сахиева Сандуғаш. .....
Әңгімелер
Толық

Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі ағылшын тілін оқыту


Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деген болатын.

Осы міндеттерді орындауда Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңартулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтуде. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Сондықтан бұл өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Сол үшін жаңа кезеңдегі озық педагогикалық тәжірбиелерді заман талабына сай қолдану ерекше маңызға ие.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» базасында «Орта білім мазмұнын жаңарту» шеңберінде ағылшын тілі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары өтуде. Курс бойынша облысымыздың әр аймағынан келген 32 мектеп мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Болашаққа бет алды білімді ұрпақ


(Ата-ананың мектепке алғыс тілегі)

Құрметті ұстаздар, түлектер және ата-аналар! Ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!

Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, біліми көкжиегін бойына дарытты. Біз әр сәт, әр жылдар сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық. Енді оларды өздерінің асыл ұясы - мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық. Бойымызды тағы да ата-ана ретінде мақтаныш сезімі кернеп отыр. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс!
.....
Әңгімелер
Толық