Білім - өмірі шырағы

Кітап оқудан тиылсақ,
Ой ойлаудан да тиылар едік.
Ғабит Мүсірепов

Адамның ұлы қазынасы - білім. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл - тозбас киім,білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен- ақ білуге болады. Қазіргі білім беру қызметінің мақсаты - білім «беру» ме, әлде «алу» ма? Қайсысы нәтижелі болмақ? Ал білімді беру болатын болса, ұстаз шаршамау керек – тықпыштай бер, тықпыштай бер шәкірт басына! Олай болатын болса, адамдардың бәрі де білімді болып кетер ме еді?.. Өкінішке орай, олай емес. Білімді болу үшін оқушы еңбектенуі керек, әрекет жасауы қажет. Білім өз басында (миында) пайда болу үшін адам оны есінде сақтап, түсінуі, қолдануы, талдау жасауы және бағалауы қажет. Осылай ғана білімді игеру мүмкін болар. Оқушы өзін білім игеру процесінің басты тұлғасы ретінде сезініп қана үйренеді. Білімді тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Оқушының өзі үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас пен ынта танытуы керек. Қандай керемет ұстаздар болмасын, оқуға еш ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды. Бұрынырақта, білім берудің басты қағидасы «Үйрету!» болса, бүгінгі күні басты идея «Үйрену!», тіпті «Үйренуге үйрену!» ұстанымына айналып отыр. Сонда мектептен оқушы не нәрсені үйреніп, қандай болып шығуы керек? Осы сұраққа жауап іздесек, Абай атамыздың негізгі өмірлік қағидасы "Адам бол!"-деген ұстаным болса, әрбір ұстаздың басты мақсаты – шәкірттеріне адам болудың жолдарын үйренуіне жағдай жасау және көмекші құралдарын ұсыну керек......
Эсселер
Толық