Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірді
Әнші Адельдің клипі ютубта рекорд орнатты (видео)
31 қазанда алып астероид айға соғылуы мүмкін
География | «Үлкен жетілік» елдері [Америка,Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия]
Әр елдің "үздік" әзілдері
География | Ұлыбритания
Ұлыбритания қазақстандық бизнесмендерге виза беруді жеңілдетті
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілді.
ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайында Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда елшісі Чарльз Хэндри қазақстандық-британдық сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17 отырысында мәлім еткен.
"Біз енді ілкі негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз. Оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы 2-3 күн қажет болады", - деді Чарльз Хэндри.
Бүгінде 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырып, олардың 10-ы визаларын алған.
"Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз", - деді британдық Үкімет басшысының өкілі.