Биқажыны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бісміллә сөздің басында,
Алланың аты қасында.
Дүние салды қажы атам,
Тоқсан екі жасында.
Есіктің алды бел болар,
Белден бір асқан ел болар.
Қажы атам дүние салған соң,
Көзімнің жасы көл болар.
Мінгенде атым қара кер,
Бір Алла өзің пана бер.
Қажы атамның қайғысын,
Көтерер ме қара жер?!
Қажы атам елдің панасы,
Ақылдың асқан данасы.....
Өлеңдер
Толық

Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.....
Өлеңдер
Толық

Қадишаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Балуан еді-ау бармағың,
Алашқа мәлім аруағың.
Ата-анамды айтып жылайын,
Тартынбай сөйле, тіл-жағым.
Сөз сөйлейін биссимилла,
Ал, жамағат, сөз тыңда.
Аузымнан қате сөз шықса,
Елім мен жұртым мін қылма.
Қызыл да тілім сынбайын,
Шаршаған жерде тынбайын.
Қорлықпен кетті-ау ата-анам,
Жыламай қайтіп шыдайын!
Биссимилла деген сөз басы-ай,
Таусылмас жылау көз жасы-ай.....
Өлеңдер
Толық

Ата-ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аппақ сүтін емізген,
Мейірі терең теңізден.
Таппаспын, ана, өзіңдей,
Ақ еділ жанды өмірден.
«Қарғам» деп жүріп қартайдың,
Ұйқысын қиып әр таңның.
Ажымға толып ақ жүзің,
Ағарды қара самайың.
Науқастың болмай амалы,
Күн туды басқа қаралы.
Анамыз сізден айрылып,
Көңіліміз болды жаралы.....
Өлеңдер
Толық

Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан әкем еді қорғаным,
Мәпелеп баққан қормалым.
Тұтқиыл келіп сұм ажал,
Қайғыға терең шомғаным.
Қоймадым жастық басына,
Бола алмадым қасында.
Тұтқиыл қаза болды ғой,
Сексенге келген жасында.
Көңілімнің күні едің,
Ақылымның нұры едің.
Айрылып, әке, бір күнде,
Қайғыдан әбден жүдедім.....
Өлеңдер
Толық

Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.....
Өлеңдер
Толық

Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әуелі Алла жаратқан,
Пендеге күнін санатқан.
Он сегіз мың ғаламды
Бір өзіне қаратқан.
Әуелі, Алла пайғамбар,
Моллалар кітап жайғандар.
Әкемнен жұрты айрылып,
Жүрегімде арман бар.
Көңілімнен шуақ жел есед,
Жас-кәрімен кеңесем.
Мақтанып, әке, жүруші ем,
Тәубәм бір көппен теңесем.
Елінің жоқтап зар-мұңын,
Көтерген әкем нар жүгін.
Алатаудай жас әкем,....
Өлеңдер
Толық

Сәдуақасты қызы Зейнелдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние жалған келмес-ай,
Алғанды қинап бермес-ай.
Елім деп жүрген әкем-ай,
Өзіңдей ешкім болмас-ай.
Үстіне киген көрмесі-ай,
Құрып та қалсын тұрмыс-ай.
Шақпаған шыбын етінен
Талайды тамның бүргесі-ай.
Шақырту келді қағазы,
Оқылмай қалды намазы.
Елден бе асып аты әлем
Айтылмай кетті азаны.
Әуелі құдай оңдасын,
Халқының асыл жолдасын!
Арманы кетті бойында ....
Өлеңдер
Толық

Зұқа қажыны келіндері Бәтиқа мен Бәтиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мейірбан, ғазиз атам-ай,
Не болар зарлап ботаң-ай.
Мамыққа жатпас әтиім,
Қара жер қайтып жатады-ай.
Өзгеден гөрі бір төбе,
Әтиім маған батады-ай.
Әтиім менің арманда,
Бір атыспай қалғанға.
Армансыз адам бар ма екен?
Пәниден бақи барғанда.
Арманда емей, немене?
Бесатар, жапан тұрғанда.
Бір үйде тұрған қырық қылыш,
Жайнап бір тұрған сары қылыш.
Қапия басып қалың жау,
Бір түнде қылды-ау, тып-тыныш. ....
Өлеңдер
Толық

Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Барады жалған өтіп-ақ,
Белқұдық болды-ау топырақ.
Бір-ақ күнде сөнгені-ай,
Ордамда жанған шам-шырақ.
Аузыңнан арыз естімей,
Ел-жұртың қалды зар жылап.
Басыңа жастық қоя алмай,
Алғаның қалды аңырап.
Он жеті жаста асылым,
Отырып едің билікке.
Қиямет істің қиыны-ай,
Тастадың бізді күйікке.
Өтті ғой бізге зарыңыз,
Не болар енді халіміз.....
Өлеңдер
Толық