Адал еңбек, терең білім – жеткізер биік мұратқа
Адал еңбек, терең білім – жеткізер биік мұратқа
Биология 8-сынып (1, 2, 3, 4 тоқсан)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8 -сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (орыс мектебінде – Т2) 6-сынып (1,2,3,4 тоқсан)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
«Казақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
Әлемдегі ірі кітапханалар. Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.
Табиғат туралы сурет салу
15 жастағы Копышова Дана салған табиғат туралы суреті
Табиғи апаттар дегеніміз не? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Табиғи апаттар дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.2 Қолайсыз ауа-райы табиғи климаттық жағдайларда өзін- өзі ұстау ережелерін құрастыру
3.2.3.2 Геологиялық және табиғи – климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Табиғи апаттар ұғымын түсінідіре алады;
• ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіре алады;
• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады..........
Конституция - біздің болашағымыз
Мұғалім: Сарина Бағилаш Жаумитовна
Мектеп: Ақтау қаласы, "№12 ЖББОМ КММ" орта мектебі.