Экономика | Бизнестегі эксперттік жүйелер
Кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның экномикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінднгі қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарының бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының ‘Қазақстан-2030 ’ ұзақ мерзімді стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілген. Кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекеленген тұлғаның , кәсіпорынның немесе шаруашылық саласының ғана емес , тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі.
Қазақстанда бизнесті қолдаумен қатар, оны экономиканың түрлі салаларында басқарудың да өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Айталық , қызмет көрсету саласы біздің елімізде жеткілікті дәрежеде дамымай жатқанымен, кәсіпкер үшін оның мүмкіндіктері мол. Қызмет көрсету саласы кәсіпорындардың қызметінде болашақта кең көкжиектер аша алады. Бұл саланың басты ерекшелігі ретінде тұтынушылардың оны ұйымдастыру үрдісіне тікелей қатысатындығын айту керек. Сондықтан , қызмет көрсету оның ісін ұйымдастырған кезде кәсіпорынның келешектегі құрылымын , орналасуын және тұтынушыларға қызмет көрсетудегі күллі үрдістердің ұйымдастырылуын ескеріп , сұраныстың бағыт-бағдарын жіті қадағалап отыру қажет.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің құрылымы үш деңгейде қалыптасады: республикалық деңгей, аймақтық деңгей, жергілікті деңгей.
Бизнесті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейде шағын бизнесті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай,аймақтық және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс. ....

Рефераттар