Беттегі дақтарға қарсы

Алма сіркесуының теріге тигізер пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Ол тері майының бөлінуін қалыпта ұстайды, бактерияға қарсы күшке ие, сондай-ақ теріні ағартып, жұмсартады.
Оның құрамында өлі клеткаларды жойып, теріні қайта қалпына келтіретін альфа-гидроксильді қышқыл бар. Сондықтан да көптеген қымбат косметикалық құралдардың қоспасында осы компонент кездеседі. Ал алма сірке суында ол әлдеқайда көп мөлшерде болады.
Алма сірке суын қарапайым сумен 1:3 қатынаста (1 қасық сірке суына 3 қасық қарапайым су) араластырып қолданады. Екеуін араластырған соң оған мақтаны батырып, жуынар алдында бетіңізді сүртіңіз.
Ал бетіңізде жастың ұлғаюынан пайда болған пигментті дақтар болса, су мен алма сірке суының қоспасына мақтаны батырып алып, дақтардың үстіне 20-30 минут ұстаңыз.......
Кеңестер
Толық