Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......
Қиылыста, жол шетінде, бұрышта. Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын. Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па. Не істеу керек? Соған қарап ұғасың, Қызыл шеңбер....
Тақырыбы: Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Күні: Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер Сабақтың мақсаты: 1. Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын таба алуға дағдыландыру. 2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру; 3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , қамқорлыққа тәрбиелеу;
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас. Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату. ....
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмастық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Біріншіден, қылмыстық құқық нрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байлнысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы: Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі. Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындау- дың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші,іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі. Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы-Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Сотттың нормативті қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте және т.б нормативтік кесімдерде анық көрсетілген.....
Өлу заңдылықтарын,оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзақтық мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организм мәйіт деп атауға болады. Өлім себептеріне қарай табиғи (физиологиялық,) зорлық-зомбылық нәтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыратады. Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты. Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр. Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медицинасы зерттейді. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патолог анатомдар тексереді. Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясынан тромб эмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. ....
“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы. Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісте де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғатпен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады. ....
Инвестициялар деп өнер кәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және эканомиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызыметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табыс саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақтылық болып бөлінеді. ....
Инвестициялар деп өнер кәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және эканомиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызыметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табыс саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақтылық болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар. Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқада олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды) болып бөлінеді. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделенеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттары және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және өзінің номеналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаз28*40....
Қылмыстың объектісі мен затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет. Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі. Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады. Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория ретінде, меншік – құқықтық категория ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде. Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді. Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді. Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап боламыз. Бұл түсінік бойынша ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта объект болады. ....