Бейбітшілік болсын төрімде!

Соғыс-адам өміріндегі ең ауыр қасірет. Соғыс-барлық халықтар үшін күтпеген апат. Соғыс айтып келмейді және одан ешкім қорғанбаған.Мейлі ақ бол,қара бол,ол ешкімді таңдамайды, өйткені оның алдында бәрі бірдей. Соғыс қайғы,өлім әкеледі.Қанша адамдардың өмірінің астан-кестенін шығарды. Қанша жамандық,тауқымет,қанша қайғы,қанша өлім,қанша қираған тағдыр соңынан қалдырды...Қанша кінәсіз адамдардың өмірін қиып,қанша адамдарды туғандарынан айырды. Соғыс жылдары-ең қиын жылдар.Соғыс жылдары халық көп зардап шекті,аштық,ұйқысыздық, үмітсіздік,шаршағандық,жақын адамдарынан айырылу –осының бәрі халық үшін ауыр соққы болды,бірақ халық барлығына да төзді.
Осыдан 75 жыл бұрын азапқа толы қанды кезең болды.Ол кезең-Ұлы Отан Соғысы.Ұлы Отан Соғысы Жер шарының тең жартысының күл талқанын шығарды. 1941 жылдың жазында соғыс бейбіт өмір сүріп жатқан халықтың өміріне құйын тәрізді еніп,мыңдаған жас жігіттер мен қыздардың армандарын бұзып,үлкендердің жыл бойы қорғап келген тұрақты,бақытты өмірлерін қиратып,мәңгілікке адамзаттың есінде қалды.
Соғыстың ауыр кездері бірде-бір отбасын айналып өткен жоқ,бірде-бір адам селқос қалған жоқ.Қолына қару ұстай алатын әрбір азамат майданға аттанып жатты.Біреудің ағасы,біреудің інісі,біреудің жары,біреудің әкесі осындай ауыр кезеңде Отанын қорғау үшін, титтей болса да, пайдасын тигізуге тырысты.Халықтың мықты рухы осы соғыста шешуші рөл атқарып,жеңіске жеткізді. Соғыстың алғашқы жылдары болған сұмдық ,халықтың рухын дамытып жаңғыртты. Үлкен де,кіші де ешбір шаршаусыз қиын жағдайда аянбай еңбек етіп, «Бәрі майданға,бәрі жеңіс үшін!» үшін деп ұрандатты.Қас жауды жеңу үшін ешкім ештеңе аямады.Әрбір ер бала,бозбала майданға барып,қолына қару ұстап жаумен күресуді армандады. Жеңіске жету үшін, әр адам өз үлесін қосты......
Шығармалар
Толық