Бақыт Мәметқызы Әліпбаева (1971 жылы)

Бақыт Мәметқызы Әліпбаева (1971 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1996).
Бақыт Мәметқызы 1971 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келген.
Тараздағы физика - математикалық тереңдетілген мекетепті бітірген.
1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты)ның "драма актері" мамандығы бойынша, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтың классын бітірген.
1993 жылдан Бауыржан Ибрагимовтың жеке құрған "Бауыржан шоу" әзіл - сқақ театрының белді актрисасы.
Қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің "драма актері" бөлімінің "сахна тілі" пәнінің оқытушысы.
2012 жылы әріптесі Қуандық Шәкіржанов пен бірігіп ашқан "Қуандық пен Бақыт" театрының әртісі....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтар)

Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтарда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туған) — эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1997). Мақтаарал ауданының құрметті азаматы

Жалпы мәліметтер
Алматы эстрада студиясын бітірген (1989). Өнердегі жолы 1988 жылы басталды. «Жас жігер» байқауына қатысқан жас әнші лауреат атанды. Студияны бітірген соң мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне жолдама алды. Осы жылдары ол бірнеше халықараралық, республика конкурстарға қатысып көзге түсті. «Юрмала-89», «Жас қанат» (1994) конкурстарында дипломмен марапатталды. Мальта Республикасында өткен «Мальта әуендері» ән байқауында лауреат болып, таңдаулы шетел әншісі атанды. Ол Қазақстан және шетел композиторларының әндерін, сондай-ақ халық әндерін де орындайды. Шадаева шырқаған «Аңса жаным», «Жауын», «Алматым – сұлу астанам», «Достарым», «Өмір – арман» әндері кеңінен танымал. Әнші Қытай, Германия, Франция, Италия, Ресей, Түркия және басқа елдерде өнер көрсетті. 1994 ж. «Сазген» этнографиялық ансамблімен бірге таяу және алыс шетелдер жұртшылығы алдында ән шырқады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жылы 6 қазан)

Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жыл 6 қазанШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулы) - ақын.

1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .

1976 жылы Бақытжан Раисова С. М .Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов (1951 жылы 4 қазан)

Бақытжан Қанапиянов - 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды.

1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүние-жүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақытжан Алдияр (1974 жылы 20 қазан)

Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген.

Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

Ол көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы)

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001).

Өмірбаяны
1996 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1998 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірді.
2000 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген.
2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ирина Хакамада: Бақытты отбасы құпиясы

Мен жартылай еуропалық, жартылай шығыс адамымын. Шығыстың адамдары су жиегінде отырып, өзімен өзі гармонияға келіп, кармасын күтіп отырады, ал еуропалықтар бір-бірін жаншып, жоғарыға қарай өрмелейді. Менде осы қасиеттердің барлығы да бар. Бірде мен Далай Ламамен кездескенде ол маған бір ақыл айтты: «Әр адам тек бір өмір сүреді. Бірақ осы өміріңді қайта-қайта есіңе алғың келетіндей, дәл сол өмірді бірнеше рет сүргің келетіндей ету қажет». Мен де сіздің өзіңіз дәл қазір өзгеріп, өміріңіз дәл ертеңнен бастап жақсарғанын қалаймын. Сондықтан сіздерге өзім түйген кеңестерімді беремін.
Ирина Хакамада

* Бақытты болу тек ер адаммен қарым-қатынасқа байланысты деген тәуелділіктен арылыңыз. Қандай да бір күдігіңіз болса, қазбалап, миды ашытатын сұрақтар қоя беру де ер адаммен байланысыңызды нығайтпайды. Керісінше, оны сенімсіздігіңізбен мезі етесіз. Оның орнына өзіңізді қолға алып, жеке әлеміңіздің барын жадыңыздан шығармаңыз. Күйеуіңіз сізді саналы, тәуелсіз жеке тұлға ретінде сыйлауы керек.
Байқасаңыз, ер адамдар мансабы мен хоббиіне көбірек уақытын......
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық