Бақыт деген - Мұқағали Мақатаев

«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»

Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын....

Өлеңдер
Толық

Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Бақыт деген немене...)

Бақыт деген бала күнгі кездерің,
Балалармен асыр-салып жүргенің.
Шаттықпенен күлкі ойнап жүзіңнең,
Ата-анаңмен бірге жүрген күндерің.
Бақыт деген бой жетіп,
Арман қуған кездерің.
Болашаққа көз салып,
Қиял қуған күндерің.
Бақыт деген уақытпенен жанару,
Сәбиліктен бойжеткенге....
Өлеңдер
Толық

Бақыт деген


Бақыт деген...
Бақыттың нақты теориясы жоқ. Болғанда емес, болмайды да! Себебі бақытты әркім өзінше бағалайды. Біреулерге бақыт - денсаулық, біреулерге - мансап, біреулерге - ақша, біреулерге - отбасы. Ал кейбіреулер үшін өмірдің өзі бақыт. Әйтеуір әркімнің өз түсінігі бар.
Менің ойымша мансап, ақша, материялдық байлық ешқашан бақыт бола алмайды. Мүмкін біреулер үшін бақыт шығар. Бірақ бұл тәннің қалауы. Ал шын бақыт жанның қалауын қанағаттандырса керек!
Бақыттың бағасы байлықпен өлшенбесе екен! Себебі ақшаның артынан қуып адасқандар қаншама. Яғни ақша бақытқа бастар жол емес, керісінше қайғыға әкеп соқтыратын қара жол!
Біздің жанымыз мейірімділік пен махаббатты қалайды. Ал біз мейірімділік пен махаббатты ата - анамыздың сүйіспеншілігімен отбасымыздағы жылулық арқылы сезінеміз. Демек, шын бақыт ол біздің ата - анамыз, отбасымыз.
Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт!
Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз.
Айта берсек бақытқа барлығын сыйдыруға болады. Бірақ бір сөйлеммен қорытындыласам бақыт Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай бақытсыз - ақ бақытты боп жүргеніміз!!!

.....
Әңгімелер
Толық

Танакөз Толқынқызы (Бақыт деген...)

Сіз жай ғана әлеміме еніңіз,
Дәл мендей боп тарылады деміңіз.
Қайраңдағы қайран балық тұншығып,
-Өлдім!-десе, шын айтады ол, сеніңіз.

Бірінші боп хабарлашы көктемді.
Құтқарып қал ой түбіне......
Өлеңдер
Толық

Бақыт

Мен бақытты көрсем деуші едім.
Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.
Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:
— Е, азаматтар, бақытты болыңдар! — дейтін еді.
Менің бақытты көргім келді.

Күн батушы еді, шал қаракөлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан....
kz
Толық