ПМНО | Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету

Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі дәне барлық білімдердің темір қазығы. ¤йткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды беретін, сауатты жаздырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге төселдіретін осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру үшін ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалары, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім.
Жұмыстың көкейкестілігі. Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту – бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектептің І-ІV сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу, ұсыныс жасау.
Жұмыстың міндеті
-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;....
Дипломдық жұмыстар
Толық