Экономика | Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді.Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері, тартылған банк аралық рессурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды: немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк б.т.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондентік шоттардағы (Орталық банкте және басқа да коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
• депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;....
Рефераттар
Толық