Кінә бар, Күнә бар, Күмән бар. Кінә не, Күнә не? Күмән не? Кінәні артады, Күнәге батады. Күмән боп жатады. Кінәлі, күнәлі, Күнәлі күмәнді, Күмәнді кінәлі.
Жаужүректі жаужүрек дейміз, Тау құдіретті Тау құдірет дейміз.
Жолаушыны арбалы Тонаушылар байлады. Қырда жортқан көп аңшы Тонаушыны байлады. Жолы болған жолаушы Қара жолмен заулады. Тонаушылар байлаулы Жаралы аңша аунады.