Адамзаттың таңдаулысы (с.ғ.с.) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатын. Баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретін. Туыла салысымен мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтын. Айталық, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған[1]. Бұл оның сәби жынысына сай түсті таңдағанын білдірсе керек.
Бала тәрбиесінің ең үлкені-оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.
Ә. Нұршайықов
Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланың еңбекқор,ақылды,тәрбиелі болып өсуіне ата-анасы жауапты. Жақсы тәрбие көрген бала ешқашан жерде қалмайды. Айналасы жақсы адамдарға толып,үлкендерге құрмет көрсетіп,кішілерге өнеге беріп жүреді. Жалпы жақсы адам болып қалыптасқан баланың өмірі жақсылыққа толады. Көбінесе,қазіргі жұмысбасты ата-аналар балаларына дұрыс тәрбие бере алмай жүр. Мен бұндай оқиғаларды күнделікті өмірден және фильмдерден көрдім. Тек қана жұмысбасты ата-аналар ғана емес,басқа да отбасылар ішінде бар. Әркімнің тәрбиесі әрқалай. Тәрбие байлыққа,жоқшылыққа қарай бөлінбейді. Ең әуелі баласына тәлім тәрбие бергісі келетін ата анада ниет пен сүйеспеншілік болады.
Қазіргі кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбей жүр. Балалардың көпшілігі жан жаққа шашылып кетті. Барлық бала бірдей емес. Себебі,әркімнің тәрбиесі әрқалай. Мен бұл сөзді қайталаудан таймаймын. Өйткені бұл-заңдылық. Қысқасы барлық адам бірдей тәрбие көрген жоқ. Сондықтан олардың балаларына беретін тәрбиесі де әртүрлі болады. Мысалы,ауыл мен қала балаларының алған тәрбиесі көпшілік жағдайда әртүрлі болады ғой,иә?Ауыл балалары ауылдағы ата әжелерінің қолында өсіп,қазақи тәлім-тәрбие көреді. Олар көбінесе ұлтшыл,намысшыл,салт дәстүрді ұстанатын болып өседі. Бірақ бәрі деп айтпаймын. Себебі,ауыл балаларының арасында қала балаларына еліктейтіндер табылары хақ......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Жасөспірім және заң Сабақтың тақырыбы: Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу Сабақтың мақсаттары: Мақала жазудың талаптарымен таныстырып, теорияны практикада бекіту.....
Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек?
Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай етіп көрсетіп қойыңыз. Балалардың көпшілігі нұсқаулықпен жүріп үйренеді, уақыт өте келе нұсқаулықты үйреншікті әдетке айналдырады. ......
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы, бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ, оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын! Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. «Таһа сүресінің «Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл», - деген аяты түсірілген уақытта Омар: «Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?», - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны істе деп бұйырыңдар!», - деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари, Муслим) риуаят етті. ....
Осы мақаланы оқи отырып өз балалық шақтарынызды еске алып немесе ата ана балсаңыздар бала тәрбиелеудегі өз тәжірибеленіңізді көз алдарыңзға келтіріп бала тәрбиесі туралы тұжырымдар жасасаңыздар болады.Көп балалы ана, жас ұстаз ретінде үнемі бала тәрбиесі туралы мағлұмат жинап ізденіс үстінде жүремін. Өзім алғаш ана атанғанымда тұла бойым тұнғышымның тәрбиесінде көп қателік жіберіп алғандаймын, енді сол қателігімнің орнын толтыру мақсатында жан жақты ізденісте жүремін. Және де ізденісім жемісін беріп келеді.
Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Сол себепті, жаман мінез, қылықтан сақтандыруда «ұлға – отыз үйден, қызға - қырық үйден тыю» салған. Бұл және де біздің қазақ ұлтында бала тәрбиесінің бүкіл әулеттің, бүкіл ауылдың асыл парызы болғанын, оған отбасы, туған-туыс, көрші-көлем, ағайын болып ат салысқанын танытады. Өйткені, ол бай іс-тәжірибені, жоғары адамгершілік қасиеттер мен ақыл-парасатты, білімділік пен даналықты талап етеді.
Ең бастысы, жаңа туған нәрестенің өзіне ата-анасының, туған-туыстарының күле қарауынан, жылы-жылы сөйлеп, жақсы көруінен, иіскеп, аялауынан бақытты сезінетіні, олардың қарым-қатынасты түсіну қабілетінің артатыны есіңізде болсын. Жыламайтын, мазасызданбайтын, ауырмайтын сәби жоқ. Әсіресе, жас нәресте жылаған кезде қолыңызға алып, құшағыңызға қыспасаңыз да, жанында отырып уатуға тырысыңыз. Мұндайда сәби ата-ана ықыласынан, назарынан тыс қалмасын. Сонда оның бойында сенімділік сезімі қалыптаса бастайды, жалғыздық, керексіздіктен туындайтын үрей, қорқыныш, жалтақтық бойын билемейді. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, бала көбінесе, тісі өскенде, жүре бастағанында, сөйлеуге талпынғанында ерекше жылауық болып келеді. Бұл денелік, рухани қажеттіліктің салдары. Одан қорықпаңыз. .....
Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау.......