Әдістеме | Баланың мектептегі оқытуға психологиялық дайындығы

Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы — мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі.
Мектпке бару — бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қлғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс-әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқушыны өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мүлде ерекше типі қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдардың бірі емес. Ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға — баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақтылы өлшемі. Сынып оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-қатынастардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Білімдерді меңгеру бірден-бір мақсатқа айналады, ойын немесе тапсырманың жемісті формаларымен бүркемеленбей айқын күйінде көрінеді. Балалардың мектепте алатын білімдері ғылыми сипатта болады. ....
Рефераттар
Толық