Бала - біздің бақытымыз

Бала негізгі өнегені ең алдымен отбасында ата - анасынан алады. Әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды әрі еңбексүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын – ата - ана. Бала тәрбиесі – бесіктен басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды мектеп жанынан ашылған шағын орталық тобына жіберіп, тәрбие, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы шағын орталық тобына берген соң ата - ана тәрбиешімен тығыз байланыста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан - жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата - аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтаулатып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл бөлмейді, тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бірде бір әрекетін ата - ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып, түсіндіріп, үйретіп отыруы керек. Сонда ғана көп жетістіктерге қол жеткізеді......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық